Жабық сұрақтар!
1.Сен үлкен қариядан бата алып көрдің бе?
—иә!
2.Күнделікті астан кейін әкең не атаң ас қайырып бата береді ме?
—міндетті түрде!
Жабық сұрақтар!
1.Қалай ойлайсың үлкеннен бата алу дұрыс па,әлде бұрыс па?Неліктен?
—мен дұрыс деп ойлаймын.Себебі,бата ол шын ықылас ниетпен айтылған ақ тілек.Әрі батаны көпті көрген,аузы дуалы қариялар береді сол себепті үлкеннен бата алу дұрыс деп есептеймін!
2.Сенің жатқа білетін батаң бар ма?Айтып бер!
—әрине!
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ақ тілегім қолдасын,
Қызыр болсын жолдасың
3.Батаны үлкеннен қалай сұрайды?
—алақанын жайып ишарамен білдіреді,бата айтылып біткен соң,әуминь деп бата қайырып,айтқаныңыз келсін деп бетін сипайды!
Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария(ға) немесе бала(ның) атасына, әжесі(не) немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман(да) балаларға көз тию(ден) немесе жын-шайтан(нан) сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар(на) байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдер. таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық(тың) әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.