vikonil
12.07.2020 13:08

Бал ашамын деп бәлеге қалған… Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:
– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.

1-тапсырма: Сіздің ойыңызша, неге қатал үкім шығарылды деп ойлайсыз? Ойыңызды 5-6 сөйлеммен жеткізіңіз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AbsoJl
08.01.2021 18:02

Жан дүниесі сүйіспеншіліктен жұрдай жандардың рухы тартылған судай сор тартып тұрады әрі тартылған судың түбіндегі қолтырауынға жем болады. Мұндайлар жүз жыл, мейлі ғасырдан да ұзақ өмір сүрсе де, рухани танымы бір қарыс алға жылжи алмайды. Көңілінде тырнақтай сүйіспеншілік жоқ мұндай жандар өктем өзімшілдіктің, менмендіктің тар қыспағында тұралап қалғандықтан, ешкімді шынайы сүйе алмайды. Жаратылыстың өзегі жан толқытып, мән толғайтын махаббатты сезіне алмастан шырағы сөнген тұлдырдай семіп, сөніп, жоқ болады.Тіршіліктің негізгі тірегі – сүйіспен-шілік. Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Жарық дүниеде барша кедергі-кесепатты жеңетін күш те осы сүйіспеншілік. Көңілі сүйіспеншіліктің түбіндегі әрбір тасын санап алуға болатын кәусар бұлағынан мейірін қандырған жанның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Мұндай көңілі көктем, сезімі сел боп аққан ізгі жандар мәңгілік бақыт әлеміне қатысты сезіп-білгендерін, рухани дүниесіне жиған-терген жауһарларын жер-жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып-ұшып тұрады. Осы мақсатта «мың өліп, мың тіріледі». Өлсе де, тірілсе де, жүрекжарды ұраны, басты қаруы осы сүйіспеншілік сөзі болмақ.

0,0(0 оценок)
Ответ:
FrankAnDWay
13.09.2022 08:18

1)1929 жылы басталып 1939 жылғадейінсозылды.

2)Ұлы тоқыраудың алдында 1929 жылы АҚШ–та Биржа күйреуі болды. 1929 жылы 24 қазанда «қаралы бейсенбі» күні акциялар бағасы күрт құлады, 25 қазан күні қысқа мерзімге аздап көтерілгенмен әрі қарай апатты ауқымды «қаралы дүйсенбі (28 қазан) мен «қаралы сейсенбі» (29 қазан ) күндеріне айналды. 1929 жылдың 29 қазан күні —Уолл-стритте биржа күйреуінің күні әкелді.

Экономистер Ұлы тоқыраудың себептері туралы біртұтас пікірге келе алмады. Ол туралы әр түрлі теориялар орын алған, топшалау бойынша, тегі экономикалық дағдарыстың пайда болуына әр-түрлі факторлардың жиынтығы әсер еткен болуы тиіс.

3) әлемдік экономиканың дағдарысқа ұшырауы 2008 жылдан басталды және қазіргі уақытқа дейін өзгеріссіз келеді. Қаржылық жетіспеушілік АҚШ-тарынан басталды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота