Масяня878
28.08.2021 15:08

1мәтін Бұл экспериментке 150 адам қатысқан. Олар 1000 сөзден тұратын мәтінді оқуы керек болған. Қатысушылардың жартысына кейіпкердің дәмханаға кіріп адамдармен әңгімелесетінін, оның хаты жергілікті газетке қалай жарық көргені туралы әңгіме берілді. Ал екінші жартысы оқиға орны өзгерген ғылыми-фантастикалық нұсқадағы әңгімені оқуы керек: ғарыш кемесінде жүрген кейіпкер, бөтен адамдар, андроидтар жат ғаламшарлықтар. Бірінші мәтінде «есік» деген сөз кездессе, ғылыми-фантастикалық шығармада ол сөз «шлюз камерасына» ауыстырылады. Сөздері өзгерсе де екі әңгіменің де оқиғасы бірдей болған.
Экспериментке қатысушылар әңгімені оқып шыққан соң шығармадағы бас кейіпкердің баяндауы мен оның жай-күйін қалай қабылдағаны туралы баяндауы керек.
Зерттеушілер сюжет желісінің ғылыми фантастикаға ауысуы қатысушылардың көркем тілді түсінуін бірден төмендеткенін айтады. Олардың айтуынша, ғылыми фантастика оқырмандары кейіпкердің күйін сезінбейді.
Екінші мәтінді талдағандардың көпшілігі ғылыми фантастикадағы оқиғалар назар аударуға тұрмайды және терең ойланып оқуды қажет етпейді деп санаған.

2мәтін.
Курчатов қаласындағы ядролық зерттеу орталығы. Аса қауіпті радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған зертхана. Жердің астында бункерде орналасқан. Бункер екі аймаққа қалыңдығы 20 сантиметр қорғасын тотығы қосылған радиоактивті сәуле өткізбейтін шынымен бөлінген.
Орындық үстінде отырған ғалымдар шынтақтарын төбеден түскен білектей жуан буындары бар ілмектерге креслоның қанаттарына тіреп отырғандай. Ілмектер қолдың
буындарының қимылына сәйкес дәлме-дәл қозғалады. Әр ілмек басында қайшының

тұтқалары тәріздес көздері бар. Оператордың үлкен және сұқ саусағы осы көздерге киілетін. Шынының арғы жағындағы ілмек жасанды қолға айналатын. Тек басында саусақтар орынына тістеуік басына ұқсас қапсыра ұстауға арналған тістері бар манипулятор. Қозғалыс көшірмесін жасайтын манипуляторларды басқарған үшін оператор роліндегі ғалымдар «бір- бірін қуыршақ жүргізуші» деп қалжыңдасатын. Қуыршақ театрында жансыз қуыршаққа артист жан бітіреді. Көрермен жан дүниесіне жол салады. Ғалымдар басқаруындағы металл қолдар жанды дүниеге тиым салынған ортаға жол ашты.
Зертханада жоспар бойынша екі ғалым тәжірибелерін жүргізуде. Бірі жиырма жастағы жігіт. Тік маңдайынан түскен кекілі бар. Бет жүзінің қырлары тік. Ұзын сорайған мойыннан ақ халат киім ілгішке іліп қойғандай кең иықтарынан салбырайды. Екіншісі орта жастан асқан бет жүзі дөңгелек келген ересек адам. Қою қасты, қырғи тұмсығына көзілдірігін іліп алыпты. Қасында манипуляторды басқарып отырған жас ғылымның қимылын бақылап отыр. Іштей қобалжығанынан ба? Оң жақ құлағының ұшын ұстай береді.


1мәтін Бұл экспериментке 150 адам қатысқан. Олар 1000 сөзден тұратын мәтінді оқуы керек болған. Қаты

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Ответ:
angelinakovalev
07.11.2020 07:08
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
sait14
28.06.2022 00:26

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. "Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

 

"Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”

 

Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.

 

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

 


0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота