Meshnyakova52
20.01.2021 22:55

Мәтін бойынша негізгі сөз тіркестері мен сандар арқылы диаграмма жаса.

Қазақ елінің басынан өткен талай нәубет қазақтың демографиялық тарихында айқын із қалдырды. Өткен ғасырдың басындағы Ресей патшалығының саясаты, одан бергі 30- жылдардағы ашаршылық, 37-38- жылдардағы репрессия, оның артын ала келген Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқының табиғы өсімінің тамырына балта шабумен болды. Осы нәубеттердің салдарынан бір кездері Қазақстандағы қазақ ұлтының саны 30 пайызға азайып кетті.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары еліміздің аумағынан 3 миллионға жуық өзге ұлт өкілі көшіп кетті. Көшкен өзге ұлт өкілдерінің орнын тарихи Отанына алыс-жақын шетелдерден оралған қандастарымыз толықтырды. Олардың тарихи Отанына оралуына жол ашқан- Тәуелсіздік. Өткен ғасырдағы 80- жылдардан соңында демографиялық ахуал біршама оңалғаны байқалады. Бірақ 1999 жылғы көрсеткіш бойынша қазақ әйелдерінен туған бала саны біршама азайғанын көреміз. Ал соңғы 10 жыл ішінде 127 мыңға көбейген. Яғни қазақ ұлтының саны қарқынды өсіп келе жатыр. Бір кезде 40% пайызға жетпей қалған қазақ халқының үлесі бұл күнде 65% пайызға жетті.

Елімізде Үкімет тарапынан отбасыға, әйелдерге, жетім балаларға қамқорлық жасалып жатыр. Жәрдем ақы мөлшері жыл сайын өсіп келеді. Үкімет алты- жеті балалы аналарды «Күміс алқа», «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапаттап жатыр. Сонымен бірге әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылуда. Ал он баладан артық туған аналарды екінші рет «Алтын алқа» төсбелгісімен марапаттап , арнайы мәртебе беру керек. Тіпті кезексіз тегін үймен қамтамасыз етсек те артық болмас.

Соңғы жылдары еліміздің демографиясында өсу байқалады. Статистикаға сүйенсек, 2016 жылы екі мыңға жуық егіз сәби мен 26 үшем дүниеге келген. Дүниеге келген егіздер мен үшемдердің саны жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Сонымен қатар 2017 жылы мамыр айында Қазақстан халқының саны 18 миллион адамға жетті. Ал 18 миллионыншы тұрғын 2017 жылдың 11 мамырында дүниеге келді. Ол Алматы облысы Талдықорған қаласында туған Муслима Саматқызы.


Мәтін бойынша негізгі сөз тіркестері мен сандар арқылы диаграмма жаса.Қазақ елінің басынан өткен тал

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
comet55
24.01.2022 16:22

Алғашқы сөздік өзге тілдер сөздерін түсіндіру мақсатында ерте заманда жасалды. Грекияда б.з.б. 5 ғасырда, Үндістанда б.з. 12 ғасырнда (“Хемачандра”), Ресейде 13 ғасырдан бастап сөздіктер құрастырылды. Түркі халықтарының алғашқы сөздікі 11 ғасырда жазылған Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” еңбегі саналады. Кейінірек екі тілді немесе көп тілді сөздіктер жасалды. Мысалы, араб-парсы, түрік-моңғол сөздерін салыстыру тұрғысынан Замахшаридың “Мұқаддимат әл-адаб” сөздігі (12 ғасыр), Әбу Хайянның “Китаб әл-идрак Ли-Лисан әл-атрак” атты қыпшақ тілінің грамматикасы мен сөздерінің жинағы (14 ғасыр), Жамал әд-диннің араб-қыпшақ сөздігі ретінде құрастырылған “Бұғат әл-мұштақ” (15 ғасыр) еңбектері. Қазақ тілінің сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Сөздіктің әлеуметтік қызметінің маңызы ерекше: дереккөзі ретінде жылдам ақпарат алуға болады; сөздердің мағынасы мен дұрыс қолданылуы туралы нормативтік бағыт береді, т.б. Сөздік жасаудың әдісін, теориясы мен тәжірибесін, технологиясын лексикография саласы зерттейді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
DVD123456789
15.01.2023 01:48

Серт – а ң сөз арқылы берген заңнамасы. Тектіліктің тетігі саналатын серт тегінде зор мәнге ие болған. Хандар мен батырлардың заманында серттен таю өлімнің белгісі еді.  Себебі серт берген адам бүкіл жауапкершілікті ғана емес, бір адамның не бір халықтың алдындағы парызын орындауға міндетті болған."Дос пен дос арасындағы серт", "Махаббат алдындағы серт", "Хан мен батыр арасындағы серт", "Халық алдындағы серт", "Адамның өзіне берген серті" сынды серттің әртүрлі жағдайға байланысты түрі болады. Ал сертті беру адамның өз еркінде. "Айтылған сөз атылған оқпен тең" деп қазақ айтса, қалт айтпаған. Сондықтан серттің орны және оның мәні ерекше. Серттің үлгісі ретінде өз дәуірінде достар қанжармен алақан тіліп қан шығарып серттескен. Бұл "аманатқа қаныммен жауап беремін"  деген мағынаны білдірген.

Сертті қай кезде беру керек? 

– Өзіңізге жүктелген міндетті бұлжытпай орындау кезінде; 

– Сезім алдындағы адалдықтың таза екенін білдіруде; 

– Өзіңізге сенімді болған жағдайда; 

Серттің ұзақтығы 

– Серт сіздің "серт еттім", "серт бердім" деген күніңізден бастап орындалғанға дейін мойныңызда жүреді. Тіпті өміріңіздің соңына дейін болса да оны орындауға міндеттісіз. 

Серттің жауапкершілігі осында. 

Серт қай кезде бұзылады? 

– Аяқ асты немесе қасақана әрекеттер себебінен қаза болған кезде; 

– Серт беріліп, бірақ әрбір жасаған ісіңіз оған лайық болмағанда; 

– Өзіңіздің берген сертіңізді қайтып алуыңыз арқылы бұзылады. Бірақ бұл кезде сіздің абыройыңыз аяқ асты болатынан ұмытпаңыз. 

– Шекті уақытында орындалмаған жағдайда; 

Серттің жазасы қандай? 

– Ең жеңілі елден кету немесе берген сөз үшін өмір бойына жауап беріп өту; 

– Ең ауыры өлім жазасы. 

Қай дәуірде, қай заманда болмасын серттің жолы ауыр. Қандай жағдай болмасын серт берсеңіз орындаңыз. Сөз киесі сіздің қасықтап жиған еңбегіңізді шелектеп төге саулы мүмкін. Жүз ойланып барып сөйлеңіз, мың толғанып барып уәделесіңіз. Сертіңізге берік болыңыз! 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота