илья1967
30.11.2020 01:05

1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орында.

Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ. Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды.

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар Жауаптар

Айтыс қандай мәселелерді қозғады?

Айтыс негізінде қазақ әдебиетінде қандай туындылар дүниеге келді?

Екі ақынның арасындағы айтыс қағаз бетіне қашан түсірілді?

Біржан Жетісу жеріне қандай мақсатпен келді?

[4]
2. Берілген сөздердің синонимдерін мәтіннен тауып жазыңыз.
Ең бірінші –
Еркіндік –
Жарыс –
[3]

2-тапсырма. Жазылым. «Айтыс өнерінің қоғамдағы маңызы қандай?» деген тақырыпта алған ақпараттарды жинақтап, 70-80 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Мәтінде рай түрлерін қолданыңыз.

[6]

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Azaleika
21.06.2021 01:54
Екі дос орман ағаштарының арасымен келе жатыр.Біреуі арық және әлсіз келсе,екіншісінің денсаулығы мықты және күшті болатын.Олар келе жатып,кенеттен аюды кезіктірді. Күшті досы аюды көріп,ағашқа мініп кетті .Ал екінші досы жер жатып,өліктін кейпіне енді. Өйткені аю өлі адамға тиіспейтінін білді .Аю әлсіз баланы иіскеп, ол қозғалмағасын ,дем алмағасын оны өліп қалған деп ойлайды .Күшті бала ағаштан түсіп ,жерде жатқан досынан аю саган не айтты деп сурайды.Сол кезде әлсіз бала: " ол сені жаман бала, сені жалғыз тастап кетті" деп айтты
0,0(0 оценок)
Ответ:
ruslanchiksmirozrw6o
14.04.2023 23:29

Менің ойымша, біздің қазіргі заманымызда әдемі киіну ешкімге қиын болмайды, бірақ киіну сәнді - бұл үлкен өнер.Біріншіден, көптеген адамдар ашық түстерді, қондырылған стильдерді ұнатпайды, ал басқалары пастельді түстерге және қатаң силуэттерге сай келеді.Ең бастысы - сезіну киімге ыңғайлы, сондықтан ешнәрсе байланбайды.Манекендерге әйгілі брендтерді көрген көптеген адамдар киім өздеріне қорқынышты болып көрінеді деген күдікпен емес, өздері үшін сатып алғысы келеді, сонымен қатар аксессуарларға назар аударған жөн, тіпті кішкене деталь, мысалы, білезік , шарф, көзілдірік кескінді ерекше ете алады.Сондықтан сіз әрқашан сәнді және стильді көрінгіңіз келсе, талғамыңызды дамытуыңыз керек

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота