seventy333444
05.01.2022 19:31

5 сынып                    ІV-тоқсан №2. «Туған өлке табиғаты» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу мақсаты     О1.Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
Ж5. Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес

орфографиялық нормаға сай  дұрыс жазу; тақырып бойынша  синквейн құрастыру
Бағалау критерийі

Білім алушы

• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды
• Болымды етістіктерді  болымсыз етістікке айналдырады
• Тақырып бойынша  синквейн құрастырады

 

Ойлау дағдыларыныңБілу және түсіну Қолдану
деңгейі
 

Орындау уақыты               15-20 минут

 

Оқушының аты жөні

Сыныбы

1-тапсырма

Тыңдалым

Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Баянаула өлкесінің сұлу табиғатының кіндік ортасы – Баянаула тауларының жоталар аймағы. Жасыл орманға бөленген көгілдір биіктау қиялары, күмістей мөлдір көлдері, жұпар иісі аңқыған гүл жамылған алаңдары, жидекті- жемісті табиғи баққа толы сай-салалары, сарқырап аққан бұлақтары, таңғажайып жаратылған жартастарымен тау шыңдары, самал ауасы жанға сая болған бұл таулы алқапты халық ежелден Сарыарқаның «Жер ұйығы» атаса, қазірде Қазақстанның «Швейцариясы» атанды.

         Баянаула тау жоталарының жүйесі шығыстан батысқа қарай 40 шақырымға созылып ұзынша келген. Меридиандық бағыттағы ені 20 шақырым.негізгі тау жотасы Ақбеттау, Жақсыаула, Жаманаула деген 3 бөліктен тұрады. Тау басының ең биіктері: Ақбет тауы – 1027 м., Өгелен тауы – 969 м., Шибет тауы – 728 м., Сарытауы – 747 м., Жақсыаулаға кіреді, түстікте Нияз тауы – 685 м.

 

1 . Қазірде Қазақстанның «Швейцариясы» деп қай жерді атайды?

 

2.Баянаула тау жоталарының жүйесі шығыстан батысқа қарай қанша шақырымға созылып жатыр?



3. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.



 

2-тапсырма

Жазылым

Берілген болымды етістіктерді  болымсыз етістікке айналдырыңыздар.

Атанды - ,  келген - ,

тұрады - ,   сарқырайды -

 

3-тапсырма

Жазылым

Тақырып бойынша  синквейн құрастырыңыздар

Бес жолды  тақпақтың құрылымы:

Тақырыпқа қатысты бір зат есім;

Бірінші зат  есімге қатысты екі сын есім;

Бірінші зат есімге қатысты үш етістік;

Бірінші зат есімді суреттеп, толықтыратын  төрт кілт сөз;

Тақырыпты сипаттайтын бір синоним немесе  метафора (зат есім).




которые у меня есть​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
gunggunggung
07.04.2020 02:14

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?

Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».

Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі».

Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.

Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.

Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.

«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.

Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.

Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.

Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.

Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
vika2087
07.04.2020 02:14

Әке - асқар тау...

Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады.

Интернеттен алдым=)

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота