PomoshnikYa
19.01.2023 22:11

«БУККРОССИНГ» ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?! Кітап – біздің асып-таспайтын асыл досымыз.
Француз философы Дени Дедро: «Кітап
оқуды қойған адам – ойлауды да қояды»
деген екен. Технология атаулы қанша дамып
жатыр десек те, қай заманда болмасын,
кітаптың орыны биік тұрары сөзсіз. Алайда,
қазіргі кезде кітапхана мен кітап дүкендеріне
барудан қалып бара жатқанымыз өтірік емес.
Біріне уақыт сылтау болса, екіншісіне
қалтамыздың көтере бермейтіндігі сылтау.
Ал, бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын
«кітап сыйлау» немесе «кітап алмастыру»
акциясы туралы естуіңіз бар ма? Толығырақ
айтқанда, акцияның негізгі атауы
«Буккроссинг» деп аталады. «Буккроссинг»
қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау»
немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген
мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет
ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. Ол
2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынадай
жазуы бар кітапты қалдырып кеткен екен:
«Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның
бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле
аласыз. Кітапты оқып біткесін, оны әрі қарай
саяхаттауға жіберуіңізге болады». Жазылған
хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң,
сайтқа кірушілер саны артып, қазір
«Bооkcrossing» сөзі Оксфорд сөздігіне ресми
түрде енгізіліпті.
1.Мәтіннен негізгі және қосымша
ақпаратты және көтерілген мәселені
сәйкестендіру арқылы анықтаңыз.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
marmeladka0907
18.01.2020 13:02

              Қыран құсты қастерлеген халықпыз.

Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол  батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.

0,0(0 оценок)
Ответ:

Алтын ұя – мектебім шағын шығарма

«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.  

Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.  

Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.  

Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.  

Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне  барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота