begimay2
06.08.2022 11:49

1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орында. (Прочитай текст и выполните указанные ниже задачи.)

Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ. Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды.

1. Сұрақтарға жауап беріңіз. (ответьте на вопросы)

Сұрақтар Жауаптар

Айтыс қандай мәселелерді қозғады?

Айтыс негізінде қазақ әдебиетінде қандай туындылар дүниеге келді?

Екі ақынның арасындағы айтыс қағаз бетіне қашан түсірілді?

Біржан Жетісу жеріне қандай мақсатпен келді?

[4]

2. Берілген сөздердің синонимдерін мәтіннен тауып жазыңыз. (Из текста найдите синонимы данных слов)

Ең бірінші –

Еркіндік –

Жарыс –

[3]

3-тапсырма. Жазылым.

«Айтыс өнерінің қоғамдағы маңызы қандай?» деген тақырыпта алған ақпараттарды жинақтап, 70-80 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

( «Какое значение имеет искусство айтыса в обществе?» Обобщите информацию и напишите эссе объемом 70-80 слов.)



[6]

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Outrage
27.05.2021 17:22
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
2.. Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
3.Тәуелсіздік күні қай күні және жылы қабылданды? (1991 жыл 16 желтоқсан)
4.Ата Заңы қай күні, жылы қабылданды? (1991 жыл 30 тамыз). 
5.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым қалай аталады? (Президент)
6.Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қай жылы қабылданды?
( 28-қаңтар 1993 жыл ﴿
7.Президентіміз қашан сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсан) 
8.17 желтоқсан қандай күн – /демократиялық жаңару күні/
9.Егеменді еліміздің тұңғыш президенті./.Нұрсұлтан Назарбаев/
10. Қазақстанның Оңтүстік астанасы./Астана/
0,0(0 оценок)
Ответ:
Alinatkd
02.01.2023 13:45
С.Сейфуллин Ақмола облысы, Нілді болысында туған.(1894-1938) Ауыл молдасынан арабша хат таныған Сәкенді ата-анасы Нілдегі орысша оқуға береді. Бұнда екі жыл оқыған Сәкен 1908-1913 жылдары Ақмола Приходская школада қалалық училищеде білім алған. 1913-1916 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқыған кезінде  қазақ ауыз әдебиетіг тереңдетіп танып, Абай шығармаларымен , орыс, Еуропа әдебиетімен танысады. Бірнеше өлеңі , хабар, сын мақалалары "Айқап"журналында басылады. 1914жылы Қазақ қаласында "Өткен күндер"деген атпен өлеңдер жинағы жарық көреді.Ақпан революциясынан кейін Ақмола ұаласына келеді. Осыдан бастап С.С қоғамдық -әлеуметтік саяси тартысқа толы күрес жылдары басталады.1917жылы "Бақыт жолында"атты драмасын жазып, 1918жылы сахнада қойылады. 1925-1937 жылдары Жазушылар одағында басқа да басшыдық қызметтерде жоғары оқу орындарында қызмет етеді. 1938жылы стаиндік жазалауға ұшырайды
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота