michael48
25.09.2022 08:12

Мәтінді мұқият тыңда. Қате пікірді белгіле. Бұлақ көзі тазаланып, Мөлдір су сықылықтап
күліп ақты. Тұнық судан ары-бері
жүрген адамдар мен жануарлар бір сімірмей
өтпейтін болды. Бұл Лай суға ұнамады.
Ол Мөлдір суды лайламақ болып, өз арнасын
бұрды. Мөлдір судың үстін бастыра
ақты. Бірақ жер астынан қайнап шығып жатқан
Мөлдір су өңін бұзбай, сол қалпында
аға берді. Лай су жаман ойының іске
аспағанына ыза болды.
Өзеннің бұл арнасына мен иелік етуім керек, -
деп кеудесін қақты.
- Онда Көлге барайық. Әділдікті сол айтсын,- деп
Мөлдір су Лай суды келісімге
шақырды.
Екеуі Көлге келді.
min naraны унамады. мәтінінің жанрын анықтау мысал әңгіме өлең​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Fenerа
04.09.2022 15:04

Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.

Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан.

Қашан да қамқор болған сан үмітке,

Өтермін сақтауменен салтыңды әсем.

Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке,

Өкпелеп қалмайсың ба «қартым” десем!

Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» – өмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ.

Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.

0,0(0 оценок)
Ответ:
viliam3486
03.06.2021 20:48

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы.

Соңғы кездері латын әліпбиіне көшу туралы мәселе жиі қозғалып, Елбасымыз кезекті жолдауларының бірінде латын қарпіне көшу мәселесіне тоқтала келіп: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл — ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе» деген болатын. Кейбір тіл мамандары латын әрпіне көшу уақыт талабы екенін айта келіп, кейінгі ұрпақ қазіргі 42 әріпке қарағанда 33 таңбадан тұратын латын әліпбиін тез үйреніп алады деген ойын білдіреді.

Жалпы латын қарпіне көшудің артықшылықтарына тоқтала кетсек, біріншіден, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады.

Жалпы алғанда жастар Елбасының бұл бастамасын қолдап, латын әліпбиіне көшуге оң көзқараспен қарайды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота