М.Қ.Дулат еңбегі үстіміздегі жылы жаңа басылымда даярланып, оқырман назарына ұсынылып отыр. «Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен қазақ тіліне тікелей аударушы ғалым Ислам Жеменей туралы айтар болсақ, ең алдымен оның материалмен етене таныстығын, Иран елінде туып-өскендігін, иран тілінде білім алғандығын, еңбектің түпнұсқасын оның түрлі тілдерде жасалған аудармаларымен салыстыра, салғастыра отырып зерттеу жүргізгенін, тарихи туынды мәтінін кешенді филологиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырып, байыбына барып, мұқият талдау, әр сөз бен сөз тіркесінің мән-мағынасын бүге-шігесіне дейін індете зерделеу жолымен үлкен жұмыс жасағанын мойындау қажет. Бұл жерде ғалымның осы еңбек негізінде докторлық диссертация қорғағандығын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Ортағасырлық парсы тілінде жазылған туынды мәтінін толыққанды ұғыну үшін тарихи еңбек жазылған өлкенің, сондай-ақ онымен көршілес аумақтардың мәдениетін, тарихын, тілдерін білу міндетті.
Яғни қазақ хандығының құрылуы мен нығайюы ғойМен таныған Абай.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.