
Менің қысқы демалысым туралы.
Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, екінші тоқсан да аяқталып, қысқы демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы қысқы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай көлге шомыла алмасақ та, түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күндіз шана теуіп, қар лақтырысып та ойнадық. Қысқы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен көктем мезгілінде де келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!
қажымұқан 1871 жылғы 7 сәуірде ақмола уезіне қарасты сарытерек болысының жәдік деген елді-мекенінде дүниеге келген. кейбір деректер бойынша қажымұқан 1883 жылы туылған. кедей жанұядан шыққан қажымұқан орыс байларына жалданып, жұмыс істейді. уақыт өте келе күрес жолына түсіп, той-жиындарда
халықтың назарына ілігіп, деп атанады.
қажымұқан қазақ елінің мақтанышы, алып күш иесі, теңдесі жоқ кәсіпқой . күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, бәсекелестерінен басым түскен қажымұқан әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ батыры. дүниежүзінің 28 мемлекетін
аралап, сол жерлердің саңлақтарымен белдесіп, қоржынына 56 медаль салған. көрші жатқан ресей жерінің өзінде де қажымұқанға тең келетін жоқ еді. иван поддубный, иван шемякин, иван заикин, алекс аберг, георг лурих, поль понс, вейланд шульц сынды бірге боз кілемді сарғайтып, күштері таудай
шеттерінен жығып, алтыннан алқа таққан қажымұқан қазақ жерінің нағыз мақтанышына айналған.
1906 жылы алманияда өткен дүниежүзілік жарыста қажымұқан бәсекелестерін тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанады. бірақ, орыс басшылығына бұратана халықтың аты шығып жатқаны ұнамай, қажымұқанды орыс
есімімен өнер көрсетуге мәжбүрледі. қазақ батырына «иван чёрный» сынды лақап аттар қойылып, азан шақырылып қойған есімін жариялауға тыйым салынды. 1909 жылы өткен халықаралық жарыста мұқан жарыс алаңына «қара мұстафа» деген атпен шығады. 1910 жылы оңтүстік америкаға келіп, аргентинаның буэнос-айрес
қаласында ұйымдастырылған жарыста
америка чемпионы атанады. дәл сол уақытта түріктерден артық күресетін жоқ секілді еді. тіпті, орыстың алып денелі да ат басын түрік жеріне бұруға жүрексінетін болды. кейін мұқан поляк қызымен отау құрып, оған бәтима деген ат береді. патша үкіметі де
құлдыраған соң, 1937 жылы «бұл патшаның , оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» деген сылтаудың кесірінен мұқан қудалауға ұшырайды.
сөйтіп, мұқан отбасын тастап, көрші жатқан өзбекстан жеріне қаңғырып кетеді. өмірінің соңғы сәттерін киелі түркістан жерінде өткізеді. талай
жандардың өмірін қиған екінші дүниежүзілік соғыстың суық лебі орыс жеріне жақындай бергенде, мұқан қкср жоғарғы кеңестің төрағасы қазақбаевтың кабинетіне келіп, оған «ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» деген ұсынысын білдіреді. сөйтіп, екі жылдай циркте
еңбек етеді.
атандым мұқан палуан жастан,
ішінде күштілердің болдым астам.
талай-талай жерлердің дәмін татып,
өтті дәурен осылай біздің бастан, - деп жырлаған мұқан 1948 жылы оңтүстік қазақстан облысы, бөген ауданына тиісті ленин туы атты колхозда
қайтыс болған. мұқан атамызға арнап темірлан ауылында ескерткіш орнатылған.