Хат.
Сәлем,досым.Қалың қалай?Сабағың ше?Менде бәрі жақсы.Сен қашан ауылға келесің?Мен және Ақтөс сені қатты сағындық.Жазғы демалыста келесің деген ойдамыз.
Маған жазған хатыңда қазақ халқының бесікке салу,шілдехана,ат қою,тұсаукесер деген салт-дәстүрлері туралы мәлімет жазып жіберуді сұрапсың.Мен де көп білмейтін болғандықтан,атамнан көмек сұрадым.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады.Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды,сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.Осыдан кейін бесік аласталынып,бала бесікке бөленеді және дәстүрге қатынасқан әйелдер қауымына кәде беріледі.Үлкендер бата беріп,бесік жыры айтылады екен.
Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап,“күзету” ю деген сенімге саяды.Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды.Бұл ғұрыптың түпкі мәні - бала мен ананы тіл-көзден сақтау,жын-шайтандардан қорғау.Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен.Әсіресе,жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”.Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.
Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады.Міне,осы салтты "балаға ат қою" деп атаған.Кейбірі заманына сай,ел арасында кең таралған,заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының,ұлы тұлғалардың есімін,кейбірі ежелгі есімдерді қоятыны белгілі.
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады.Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан.Сол жіппен баланың аяғын тұсап,оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек,жайбасар а ң тұсауын кестірмейді.Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді,шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.
Досым,атам екеуміз саған көмектесе алдық деген ойдамын.Ендеше сау бол!Хат жазып тұр.
Ұлттық салт – дәстүр туралы диалог
- Мадина, сәлем, сенің қазір қолың бос па?
- Ия, Алина, бос уақытым бар.
- Ендеше саған бір бүйімтайым бар еді.
- Тыңдап тұрмын. Айта бер.
- Маған мектепке қазақ халқының ұлттық салт – дәстүрлері жайлы хабарлама дайымдауым керек. Өзім қазақша сөйлей білгеніммен ұлттық салт - дәстүрден хабарым жоқ. Осы тапсырмаға көмектесе аласың ба?
- Әрине, көмектесейін. Қандай сұрақтарың бар, қоя бер?
- Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайлы жалпы түсінік беріп жіберсең?
- Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор.
- Қандай керемет жауап! Кейбіреулеріне толығырақ тоқтала кетсең?
- Жақсы. Халық арасында айтыстың алар орны ерекше. Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.
Ауыз тию – қазақтың ежелден келе жатқан ғұрытарының бірі. Үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.
Байғазы – балалар мен жасөспірімдер бір жаңа нәрсеге ие болғанда жақын туыстарынан байғазы сұрайтын дәстүр қалыптасқан. Байғазы сұраушының көңілін қайтармай ақшалай, не заттай сыйлық беріледі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
- Мадина, саған алғысым шексіз! Маған өте қатты көмегің тиді. Енді өзім де біліп жүретін болам!
- Оқасы жоқ. Көмектесе алғаныма қуаныштымын!