ответ: Қоршаған орта
Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді. Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі.
Өсімдіктер - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (біріншісі - жануарлар). Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда өсетін түрлері де кездеседі. Өсімдіктер қоры таусылғанымен, қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстар. Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды.
Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты ролі-табиғатты СО2-дан арылтып, оны О2-мен байытып отыруында, яғни ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда О2 фабрикасы міндетін атқарады.
Менің ойымша, өсімдіктерді қорғау үшін олардың ресурстарын жаңартып, арам шөптерді жұлып отыру қажет.
Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестету мүмкін емес. Сондықтан жасыл көгал өсімдіктерді қолымыздан келгенше қорғап, келер ұрпаққа табиғаттың әсемдігін сақтап қалайық!
Объяснение:
Кезінде біздің ата-бабаларымыз уақытты да, жолды да өздері болжаған болатын. Кундізгі кезде күннің шығуы мен батуына қарап уақытты болжап айтқан, ал түнгі уақытта аспандағы жұлдыздарға қарап барар жерінің жолын білген. Ал қазіргі кез дамыған уақыттардың бірі. 21 ғасыр жаңа технологиялар мен жаңалықтар заманы. Қазір бізде уақытты дәлме дәл көрсететін сағаттар, жолды спутник арқылы көрсететін карталар бар. Осы бір үзіндіден мен қазақтың осындай бір дүниетанымдық қасиетін байқадым. Ал енді тәрбиелік қасиетіне келер болсақ, қазақтар балаларын жастайынан атта қалай дұрыс отыру керек екендігін, аттан қалай түсү керектігін толықтай үйреткен. Бұндай тәрбиелік мәннің де өзіндік сырлары бар. Атқа ерте жастан үйренген бала батыл, қайсар, ақылды болып өскен. Ал қазіргі таңда өкінішке орай ат құлағында ойнаған азаматтарымыз аз.
Объяснение: