vladcjdyte
25.05.2022 08:49

Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер енгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Бірақ ерекшелігі – кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет Мәтіндегі негізгі мәселені анықтаңыз.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
mooziviycom
25.08.2022 10:44

11упр

Объяснение:

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным, мен үшін аса қымбат жер Шырайлы Шымкент! "Шымкент қаласы қазақ халқының алтын ордасы", - деп бекер айтылмаған. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттыққа толы, уайымсыз балалалық шағым өтті. Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Арман қуып, Алматы қаласына оқуға түсіп, шым қаламнан алыстап кеттім. Әрдайым өз туған жерімде болмасамда, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, әрбір бөлшегін еске түсіріп, сағынасың. Өзіңе қымбат жандардың барлығы да сол қалада.

0,0(0 оценок)
Ответ:
nikita540601
07.05.2022 05:45

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы — БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға уәкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қаперіне салуға құқы бар (БҰҰ жарғысы, 11 және 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас Ассамблея экономикасы, әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ халықаралық құқықтың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның (Жарғының 18-бабында атап көрсетілген) маңызды мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі процедуралық к-т құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 к-тінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, Бас Ассамблеяның барлық к-терінің қызметін үйлестірумен, ал екінші к-т уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. Бас Ассамблеячның негізгі 7 к-тінің мынадай міндеттері бар: Бірінші к-т саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси к-т Бірінші к-тке қатысты мәселелермен; Екінші к-т экон. және қаржы мәселелерімен; Үшінші к-т әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші к-т қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын терр-ларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші к-т әкімш. және оның қаржы мәселелерімен, Алтыншы к-т құқықтық мәселелерімен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі консультативтік және Жарналар жөніндегі к-ті бар. Бас Ассамблея өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.[1]

Турбо-страница

Вы находитесь на странице, адап­ти­ро­ван­ной

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота