Қазақ әдебиетінің көгінде жарық жұлдыздай жарқ еткен, Абайдан кейінгі реалист ақын – Сұлтанмахмұт Торайғыров. “Болар бала болмысынан белгілі” демекші, Сұлтанмахмұт жасынан ізденгіш, алғыр бала болып өседі. Қазақ әдебиеттану ғылымының ардагер абыздарының бірі Б.Кенжебаев: “Сұлтанмахмұт мейлінше зерек, алғыр, мейлінше пайымшыл болды. Ол алты жасында хат таныды, ер жеткен соң орыс тілін, орыс әдебиетін, бір сыпыра пәндерді, қоғамдық әлеуметтік мәселелерді өздігінен оқыды Ол көбінесе ғылым иелерінің, ақыл-ой кемеңгерлерінің, философтардың шығармаларын оқыды, тарих, саясат туралы мәнді, бағалы ой-пікір айтты”,- деген еді. Ол жасынан ауыл молдаларынан ескіше білім алады. Сұлтанмахмұттың ақындық жолға түсуіне ықпал еткен Мұқан мен Нұрғали деген молдалар еді. Мұқаннан өлең сөз туралы тәлім алса, Нұрғалидан орыс және шығыс әдебиетінің үлгілері туралы білім алады
Объяснение:
Если не правильно сори .
Нұр-Сұлтан (бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана) — 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының елордасы. Акмолинск қала мәртебесін 1862 жылғы 26 қыркүйекте алды. 2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала түрғындар саны 1 136 008 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындар саны 1 002 874 тұрғын болды. Нұр-Сұлтан елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 4 ауданға бөлінген.