Sonta0004
18.02.2020 23:57

2-тапсырма. Берілген мәтіннен сөйлем түрлерін тауып, оларға талдау жасаңдар. Шығарманың мазмұнын толық баяндаңдар.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ivanushka2
26.05.2021 03:41

...Біздің ішімізде менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала болушы еді. Әке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сәл мүкісі бар, бала болып көп ойнамайтын жасқаншақ еді. Бәрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын Тортай арамыздағы білгішіміз, аузымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды... Тортай, әсіресе, мені жақсы көрді. Жанынан бір елі қалдырмайтын. Әкем – ферма меңгерушісі, үйде ішіп-жем мол, ит басына іркіт төгіліп жатушы еді. Шешемнің қолынан – бір, жолынан – екі алып, әр күн сайын Тортайға таситынмын. Ол мені алдап тамақ үшін дос болмайтын, қайта «мен аш жүргенім жоқ, әкеле берме» деп ұрысатын-ды. Өз бейілімен, көңіл хошы болмаса, ләм деп аузын ашпайтын, әрі құлағы қақас еститін болған соң, әңгімеге зауқы бола бермейтін. Тек менімен ғана оңаша сәттерде ағыл-тегіл әңгіме құрушы еді...»

Тортайды абыз санап, оның айқандарын мүлт жібергісі келмейтін Ораштың досына деген қарым-қатынасын осы үзіндіден көруге болады. Ораш Тортайдың жалғыздығын ойлап, ата-анасынан ерте айырылғанын сезініп, жанашырлықпен қарайды. Оған үйінен тамақ әкеп беріп, әңгімесін тыңдау үшін жанынан қалмайды. Тіпті Тортайды алыс ағайыны үйінен қуып жібергенде, Ораш жаңбырлы күні таудың арасынандағы үңгірден тауып алып, оған үйінен ұрлап әкелген наны мен ірімшігін берген еді. Тортайдың Орашқа «Әке-шешең іздеп жүрер, үйіңе қайт, қорықсаң – мен шығарып салайын» деген сөзінен, әсіресе, «қорықсаң» дегені оның ағалық пейілін көруге болады. Жандары кітапқа құмар жас жеткіншектердің арманы да ерек.

0,0(0 оценок)
Ответ:
mollayevadinara
08.08.2022 02:43

Түйеқұс (орыс. Страус) - Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың қауырсыны тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан.

Ерекшеліктері

Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі. Түйеқұстардың Африка, Оңтүстік Америка және Австралияда өмір сүретін үш түрі кездеседі. Олар бір-бірінен башпайларының саны және іріліктерімен ажыратылады. Бұл үш түрге жататын түйеқұс та артқа да, алға да 400 кг-ға дейін жететін күшпен тебе алады. Түйеқұс уақытының 30 пайызын жем іздеумен өткізеді. Көбіне түрегеп тұрған күйі немесе кетіп бара жатып та қоректене береді. Ұзын мойны мен өте қырағы көздері арқылы кішкене жәндікті да іліп алып жей береді. Тұмсықтарының түбін де көре алатын түйеқұстардың бір көзінің салмағы 60 граммға жетеді. Яғни, адам көзімен салыстырғанда төрт есе ауыр. Шөлдегі құмды борандардан сақтану үшін көздің үстіңгі және астыңғы қабағымен қоса, көздің тазалануын қамтамасыз ететін жұқа қабықтан құралған тағы бір көз қабығына ие.

Африка түйеқұсы

Осы замандағы құстардың ең ірісі (Стрұтһіо цамелұс) деген бір ғана түрге жатады. Ересек еркегінің бойының биіктігі 260—275 см болады. Орта салмағы 50 кг, ал өте ірілерінің салмағы 90 кг-ға жетеді. Бұлардың ерекшелігі — аяғының башпайы екеу ғана болады (қазіргі кездегі құстарда сирек кездесетін жағдай деуге болады). Шап сүйектері бірігіп кетудің салдарынан жабық жамбас сүйектерін құрайды. Қанаттары едәуір үлкен. Оларды қатты жүгірген кезде төмен түсіріп жібереді. Жалпы еркектерінің түсі қара, ал ұрғашыларының түсі қоңыр-сұр болып келеді. Құйрық қауырсындары мен қанаттары ақшыл болады.

Объяснение:

Түйеқұс казахское название страуса

(если не сложно, можете потом отметить мой ответ как "лучший ответ"?)

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота