огпгпощо
10.09.2020 00:28

IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады Apple өнімдерін құрастыратын « Foxconn Technology » компаниясы жұмысшы адамдарды кұлтемірлерге ауыстыруды бастады . Нақтырақ айтсақ , iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құттемірлер арқылы басқарылатын болады , - деп хабарлайды « mashable.com » сайты . Қазіргі кезде « Фоксбот » ( Foxbot ) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр . Алдағы уақытта « Foxconn » зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ . Бұл ақпаратты « Foxconn » компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады . Гоудің жасаған хабарламасына орай , iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 « Фоксботты » іске қоспақшы екен . 20 000 - нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді . « Apple Insider » ақпаратына сенсек , бүгінде , Қытайда орналасқан « Foxconn » компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен . Жалпы бұл жоспар « Foxconn » компаниясында 2011 жылы басталған болатын . Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған . Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған . Дегенмен , құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып , жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын . 2014 жылдың наурыз айында Apple iPhone смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын . Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді . Дегенмен , бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық . Қалай дегенмен де , құрастырудың бастапқы кезеңде « Foxconn » компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды . Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр . Себебі біз алдында хабарлағандай , iPhone 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін болмай қалады . Бұл жыл Аррlе жаңа смартфонның екі түрлі нұскасын шығаруды жоспарлап отыр . Қытайлық жабдықтаушылар кұрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын .​


IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады Apple өнімдерін құрастыратын « Foxconn Technology » комп

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
оксаночка1412
22.05.2020 23:24
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.Мысалы Ирандықтар бұл мерекені мұсылмандар күнтізбесі бойынша көктемнің бірінші күні, ал Григориан күнтізбесі бойынша 22-і тойлайды. Ал Әзірбайжан халқы Новруз байрам" деп атайды. Наурыздың 20-нан бастап 5 күн қатар тойланады. Негізінде 21 наурызға дейін төрт апта бұрын тойлау басталады. Дастарханға міндетті түрде жұмыртқаны айнаның үстіне қояды«Наурыз – қазақша жыл басы. «Наурыз қазақтардың ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артық-ша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі»
0,0(0 оценок)
Ответ:
nioniker
22.05.2020 23:24

1. Наурыз менрекесінде күн мен түн теңеседі дейді.

2. Наурызды тек қазақтар ғана тойламайды,түріктер бидай дақылдарын өсіріп оны табаққа салып, дақылмен бірге боялған жұмыртқа және шам қойылады.Әзербайжандар осы күні жеті астан тұратын тағам әзірлейді. Тәжіктерде үйдің отағасы немесе үлкен ұлы кәуәп және тәтті күріш пісіреді.

3.Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық және наурызкөже жасау мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз жырын айтып, наурыз тойын өткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қүрылған Кеңес өкіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды.

Объяснение:

Если есть ошибки в грамматике простите))

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота