lanamalinena
24.12.2022 16:32

Автор мәтінде экспрессивті-эмоционалды сөздерді, автор көзқарасын қандай мақсатта береді? Олардың мәтін мазмұнын ашудағы немесе оқырманға әсерін күшейтудегі маңызы бар ма? Дәлелдеңіз. мәтін:Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді.– Қазір әзіл-сықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып, жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай?– Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құда- құдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ шашуға да болмайды.– Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады?– Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады. Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе.Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.– Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз өздеріне деген сенімділік пе?– Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін, мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі бірдей емес.– Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті?– Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Pingvinenok01
26.08.2020 18:34

Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық шағың, туған ауылың ауласы. Туған жер арқылы еліңнің өткені мен болашағын байланыстыра аласың. Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына деген сезімі оянады. Отан дегеніміз не?- деген сұрақ туындайды. Туып өскен жер ме, мәдениет пе, әлде отан ол «үйренген орта»-ма. Әрине, «орта» деген сөзге көп нәрсе кіреді. Қазақ жерінде туса да, туған бетте шетелге кетіп қалған бала, туған елін отаным деп санамайды. Өйткені, туған жерінде өспегендіктен, оған деген ыстық сезім туындамайды. Адамзат өмірінде адам болып туғаннан кейін қазақ жерінің азаматы, баласы болып туу үлкен мәртебе. Олай болса, туған елге деген патриоттықтың алғы шарттары менің пікірімше «Менің елім Қазақстан, мен отанымды сүйемін, мен қазақпын» деген сөздерді айтудан бастау алады. Бірақ, көп адамдар «сүйемін деп» айтуға үйір емес. Біз отанымызда өмір сүріп жатқан кезде отан «Отан оттан да ыстық» дегенге мән бермейміз. Ол үшін а жанын беруге дайын болуы тиіс. Біз тек өзіміз аман есен, жақсы өмір сүріп жатсақ, жақсы тамақтанып, жақсы киінсек, мінер көлігіміз жылы, ыңғайлы, жайлы үй болса, барлығы болса — деп өмір сүреміз. Алайда, отан деген осы айтылғандардан мүлде басқа нәрсе екенін, өмірден де артық зат екенін әр азамат сезіне бермейді. Екіншіден, әр қазақ азаматтарының әскери борышын өтеу арқылы одан көп нәрсе үйренуден, отанға деген құштарлықтан, отан деген сөздің түп-төркінін білуден, отанын құрметтеуден, қорғаудан басталады. Кез келген уақытта отан үшін жанын беруге дайын екенін түсінуден тұрады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
Шаригул
26.03.2022 17:47

Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.

Объяснение:

Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.

Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота