Объяснение: Қазіргі дефиле сахнасы биікте орналасқан, яғни платформаларда өткізіледі. Біз оны подиум деп атаймыз. Көрсетілімдерге бұрынғыдай сәнді киімдерді сатып алушылар ғана келмейді, қазір БАҚ өкілдері мен сән әлемінің қас шеберлерін шақыру тұрақты үрдіске айналған. Әсіресе жаңа топтамалардың жарнамасына жан бітіретін журналист қауымының көрсетілімдерде көбірек болуы маңызды рөл атқарады. Миланның әйгілі Pambianco Strategie di Impresa SpA деп аталатын компаниясының сарапшы мамандары жүргізген зерттеуге сенсек, дефилеге кеткен қаржының 6%-ы тек PR мен жарнамалау жұмыстарына кетеді. Ал жаңа топтамаларға келіп түсетін тапсырыстың 30-50%-ы сол жарнамалардың арқасында жүзеге асатын көрінеді. Дефиленің ең басты кейіпкерлері саналатын модельдердің де жалақылары жаман емес, атақты компаниялар бір көрсетілім үшін бір моделіне 10-30 мың АҚШ долларын төлейді. Айта кетейік, әлемдік деңгейдегі сән үйлерінің әрбірінде визит карточкасы саналатын түрлі түсті көмескі жарықтар бар. Мысалы, Джон Гальяноның сән көрсетілімдерінде – алқызыл түстес, ал Christian Dior-да айнадан жасалған подиум қолданылады. Мұндай атақты дизайнерлер үшін есімдері әлемге танымал адамдардың көрсетілімдерге келуі – ең маңызды дүние. Сол үшін де олар белгілі өнер жұлдыздары мен қалталы бизнесмендердің көрсетілімге келіп кетуіне қажетті жол ақысын, жатын орны мен киетін киімдері үшін қомақты қаржы төлеуге дейін барады. Себебі олар брендіні жарнамалау үшін көп көмектеседі. Ал дефилені өткізуден бас тарту деген компанияның қаржылық дағдарысқа ұшырап, құрдымға кеткендігін білдіреді. Prada Group-тың президенті Патрицио Бертеллидің айтуынша, дефилесіз ешқандай өнім сәтті шықпайды, сол үшін де сән көрсетілімдерінің бүгінгі әлемдік fashion – индустриядағы орны бұрынғы заманғыдан гөрі маңыздырақ.
-Сәлем Жазира, Қалың қалай?Қандай жаңалықтар бар?
- Айдос сәлем, барлығы жақсы, өзің көргенде аман-есен сенімен сөйлесіп отырмын.Өзіңнің қал-жағдайың қалай?
- Барлығы жақсы, бүгін бізде Қазақ тілінен тіл туралы эссе жазып келсін деді,бірақ мен түсінбей отырмын
- Бізде кеше осы тақырып туралы өткен болатынбыз,егер қаласаң саған түсіндіріп берейін.
-Жақсы болар еді,ия
- Біздің ең бірінші бақытымыз ол тіл, қазақ тілі ұлттық тіл. Ата-бабадан келе жатқан мәдениет, тарих, Тәуелсіздік.Өнер алды- қызыл тіл бұл сөздің мағынасы еліміздің мемлекеттік тілі екендігін ұғындыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнеріне баулу.
Біздің тілімізден артық ешнәрсе жоқ,себебі бұл бізге берген сый.
- Жазира саған көп көп рахмет,енді осы айтқаның туралы ешқашан ұмытпаймын.
- Айдос менен әрқашан көмек сұрасаң болады,ал енді осы түсінгеніңді түйіндеп жаз
- Саубол,жарайды
-Саубол,кездескенше