LIZA555666777
16.03.2020 13:28

Ұлттық кітапхана – ҚХР-ның, Азияның және әлемнің ең ірі кітапханасы. Азияның ең үлкен кітапханасы деп саналатын Қытай Ұлттық кітапханасында 35 миллионнан астам кітап, қолжазба және тарихи коллекция бар. Кітапхананы Чинг әулеті (1644-1912) 1909-1912 жылдар арасында Пекин қала орталығына құрды. Қазір кітапханаға жыл сайын 5 миллионнан астам оқырман келеді. Ұлттық кітапхана ғылыми, ұлттық басылымдарды сақтау қоймасы. Ұлттық библиографиялық орталық, кітапханалық-ақпараттық және ғылыми- техникалық кітапханалар желісінің ұлттық орталығы және даму орталығы. Кітапхананың жалпы аумағы 170000 шаршы метрді құрайды, әлемдік кітапханалар арасында бесінші орында. 2003 жылдың соңына қарай кітапхана 24 110 000 томның бай коллекциясын алды. Коллекцияда 270 000 том сирек кітаптар, 1 600 000 том ежелгі кітаптар болды. Кітапханада Қытай кітаптары мен шетел тіліндегі материалдардың ең үлкен топтамасы бар.

Классикалық туындылар жиналған ғимарат пен оқу залдары бір-бірінен бөлек. Келушілерге ашық бөлімі футуристік сәулет стилімен назар аударады. Ғимараттың ішкі дизайны да қабат-қабат оқу залдары түрінде жобаланған. Кітапханада 2004 жылы цифрлық бастама басталып, кітапхананың мұрағаты интернет ортасына көшірілді. Кітапханасының мұрағаты жыл сайын артып, 2016 жылдың деректеріне қарағанда кітапханада 115 тілде 35 миллионнан астам материал бар. Кітапханадағы ең байырғы тарихи туынды – осыдан 3 мың жыл бұрын тасбақа қабығына жазылған жазу.

Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы I Петрдің бұйрығымен 1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры – көптілді және әмбебап. Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға

жуық кітап болған көрінеді. 1783 жылы ІІ Екатеринаның бұйрығынан кейін кітапханаға Рейсейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады. Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы – бүкілресейлік мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады.

Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың басшылығымен тұрғызылған. Құрылыс жұмыстары 1924 жылы басталған екен. Құрылыс төрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға берілді. Ескере кететін жәйт, бұл кез келген кітап оқуға құштар адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады.

1-тапсырма. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған 5 сұраулы сөйлем құрастырыңыз.

1.

2.

3.

4.

5.

2-тапсырма. Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, мәтін негізінде жинақы мәтін жаз.



3-тапсырма. КЕСТЕНІ ТОЛТЫР

Тілдік бағдар Сұрақтар Жауаптар

Мекен үстеуі Қандай сөздер жатады?

Мезгіл үстеуі Мезгіл үстеуіне мысал жаз

Мөлшер үстеуі Анықтамасын жаз

Сын-қимыл үстеуі Мысал келтір.

Мақсат үстеуі Синонимдерін жаз.

Себеп-салдар үстеуі Мысал келтір.

Топтау үстеуі Қандай сұрақтарға жауап береді?

Күшейткіш үстеуі Синонимдерін жаз.

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор

Білім алушы

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.

Жұпта мәтіннің қысқаша мазмұнын айта алады. 1 Негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтайтын 5 нақтылау сұрақтарын құрастырады.

3

Оқылым материалы бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып,

жинақы мәтін жаза алады. 2 Оқылым материалы бойынша жинақы мәтін жазады. 3

Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады. 3 Үстеудің мағыналық түрлерін ажырата алады.

Синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.

Мысалдар келтіреді, анықтамасын жазады. 1

1

1

Барлығы 9

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
мир276
07.02.2020 08:38

Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп - есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
liana144
10.11.2022 05:58

Бұл мақалды өте жақсы түсінеміз, өз заманында дұрыс айтылған. Бірақ өкінішке орай бұл мақалымыз қазіргі таңда керісінше мағына беріп тұр.

Қазір достары көптердің бизнесі жүрмей банкротқа кетеді (достар саудаңды өлтіреді, кезек-кезек ақша сұрап,заттарыңды қарызға жазып қойып тағы да ақшасын бермей жүре береді( досың ғой оларды қинамауың керек, О ! )). Ақылың көп болса жұмысқа алмайды, Қазіргінің әкімдері айналасына өңшең топастарды жинап алған, оларды басқару оңай, олар бастарын шұлғып әкімдікі дұрыс болмаса да шапалақ ұрып ,қошеметтеп отыра береді, олардың арасында ақылды адамның отыра алмауы, жүйкесі шыдамайтыны баршамызға аян. Халыққа пайдалы ақылыңды ортаға салып айтсаң әкімге жақпай нағыз басың дауға қалады. Сөздің ашығы осы, несіне жасыруымыз керек оларды, өзің де біліп отырсың оны

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота