Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
6. Перпендикулярлы түзулерді салу ережерін түсіндіру , мысалдар арқылы көрсету .
Перпендикуляр (лат. perpendіcularіs — тік) — берілген түзумен (жазықтықпен) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу (жазықтық). Түзулердің перпендикулярлығын белгілеу үшін "⊥" белгісі пайдаланылады. Жазылуы: AB⊥CD. Оқылуы: "AB түзуі CD түзуіне перпендикуляр". Перпендикуляр түзулер жазықтықты төрт тік бұрышқа бөледі. Берілген нүктеден түзуге дейінгі қашықтық сол нүктеден түзуге тұрғызылған пепендикулярдың ұзындығына тең.
Тік бұрыш (90 бұрыш) жасап қиылысатын түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады:
Осы суреттегі a және b түзулері 900 градусты бұрыш жасап қиылысады. Суретте тек бір бұрыш қана 900 деп көрсетілген, бірақ қалған бұрыштар да 900 градусқа тең.
Себебі осы бұрышқа сыбайлас бұрыш (сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800 градуске тең) 180 - 90 = 900, ал осы бұрыштын вертикаль бұрышы оған тең болғандықтан, ол да 900 градуске тең.
Теорема
Түзуде жатқан әрбір нүкте арқылы перпендикуляр түзу жүргізуге болады, және бұндай түзу тек біреу ғана болады.
a түзуінде жатқан D нүктесі арқылы, осы түзуге перпендикуляр b түзуін жүргізуге болады, және бұндай түзу тек біреу ғана болады.
Перпендикуляр түзулерді белгілеу
Екі a және b түзулердің перпендикуляр болатыны ⊥ символымен яғни a ⊥ b деп белгілейді. Өз бетінізбен кағазға бірнеше перпендикуляр түзулерді салыныз.
Объяснение: