
Отан отбасынан басталады
«Отан отбасынан басталады» деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар.
Бүгінгі бала- ол жаңа адам. Оның басты ерекшелігі ересектер баланы жиі өзімшілдік сияқты қабылдайды. Іс жүзінде 21 ғасырда балалардың көзқарасы өзінің жан дүниесінде ғана, себебі олар өзін өзі тану сұраққа жауабын қалайды. Осы сұраққа жауапты іздейді, ең бастысы, балалар өз басымен табады. 21 ғасырдың балалары бұрыңғы замандағы құрдастарға қарағанда өмір туралы сұрақ қоймайды. Ол ұшақтың ұшқанын көреді, телефоннын қоңырау шалғанын, электрондық хаттар бірнеше секундтын ішінде келетінін көреді - және бұл норма болып табылады. Осы заманғы балалардың өмірінен далада ойнау жоқ болып кетті. Егер бұрын бала метептен келіп және далаға жүгіріп, достармен қарым-қатынаста болды, ал қазіргі балалар ды осы қызықтырмайды. Енді балалар компьютердің алдында кіммен араласатынын, аралапайтынын шешеді. Бір жағынан -жаман емес, ал басқа жағынан - бала виртуалды емес, шын өмірге түскен кезде өзің қалай дұрыс ұстау екенін білмей қалады.
Қоғамның әсерінен ата-ана өзінің баласына үлкен қысым жасайды, басқа құндылықтарды ұмытып. Бала өзін бақытты жасайтын құндылықтарды ұмытып, атан-анасының үмітін ақтауға тырысады. Егер жағдай өзгермесе, онда біздің орнымызға бақытсыз адамдар келеді.