RengevychPolina
07.06.2022 12:30

Түркістан Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Қала ХІ ғасырдан бастап Ясы аталған Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі. Қазақстан мен Ресейдің қарымқатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған. Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани Ахмет Йүгінеки Жүсіп Баласағұнилар жатады. Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар жоңғар шапқыншылығын қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ Сунақ Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала. Мәтін бойынша 2 дұрыс,1 бұрыс сұрақ дайында
Тыныс белгілерін дұрыс қойып шық.
3. Қарамен берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
дима2721
18.03.2021 23:48
Гүл- 1 бітеу буын
Г- дауыссыз ұяң дыбыс
Ү- дауысты жіңішке қысаң еріндік дыбыс
Л- дауыссыз үнді дыбыс
3 əріп, 3 дыбыс

Шөптін- 1 2 бітеу буын
Ш- дауыссыз қатаң дыбыс
Ө- дауысты жіңішке ашық еріндік дыбыс
П- дауыссыз қатаң дыбыс
Т- дауыссыз қатаң дыбыс
І- дауысты жіңішке қысаң езулік дыбыс
Н- дауыссыз үнді дыбыс
6 əріп, 6 дыбыс

Үлкен 1 тұйық буын, 2 бітеу буын
Ү- дауысты жіңішке қысаң еріндік дыбыс
Л- дауыссыз үнді дыбыс
К- дауыссыз қатаң дыбыс
Е- дауысты жіңішке ашық езулік дыбыс
Н- дауыссыз үнді дыбыс
5 əріп, 5 дыбыс
0,0(0 оценок)
Ответ:
александра529
07.02.2021 10:14
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер. Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады. Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота