Менің отбасым үлкен емес, әкем, анам, ағам және мен. Біздің отбасымыздың өз дәстүрлері бар. Ең бастылары - қонақжайлық пен адамдарды сыйлау. Біздің үйде қонақтарды әрқашана қуана қарсы алады. Қонақтарға дастарқанымыз әркез ашық. Ата-анамыз бізді үлкендерді сыйлауға бала кезімізден үйретіп келеді. Тағы да Жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алу дәстүрге айналды. Бұл күндері біз өте көңілді боламыз. Жазда ауылға әжемізге барып тұрамыз. Ауылда біз әжемізбен бірге жақсы демаламыз. Пасха мейрамы кезінде пісірген нанымызды әжемізге беру үшін таңертең оған барамыз, ал әжеміз бізді өзінің пісірген нанын береді. Қыстыгүні отбасымызбен сырғанауға мұз айдынға барамыз. Отбасы мүшесінің біреуінің туған күні болғанда, сыйлықтар береміз. Бұл дәстүрлер басқа отбасылардікінен еш айырмашылығы болмаса да, бұлар бізге жылу мен қуаныш сыйлайды.
Спорт адамға жақсы дене бітімінде болуға көмектеседі және мінезін, өзін өзі жеңе білуге тәрбиелейді. Спортпен айналысу денсаулықты нығайтады. Тіпті, сүйікті музыкаңмен жасаған таңертеңгі жай жаттығудың өзі күні бойына жететін энергия береді. Мен әруақытта белсенді істерді ұнаттым. Өзімді білгелі бері әртүрлі қозғалыстағы ойындарды ойнадым. Одан қатты әсер алатынмын. Мен күреске жазылдым. Бұл спорттың өте қызық түрі, тез шешім қабылдап, жақсы қозғалысты қалыптастырып, жинақтауды қажет етеді. Маған спорттың бұл түрі ұнайды, себебі көп күш түспейді, жарақаттануы аз, бірақ иілуді, шыдамдылықты, бұлшық еттерді шынықтырады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку