Судың әрбір тірі ағза үшін маңызды материал екендігін бесіктегі бала да біледі. Ертегілер мен аңыз әңгімелерде судың тіршілік көзі екендігі жиі айтылып, оның пайдалы тұстарына көп мән беріледі. Адам сусыз өмір сүре алмайды, ал суды шамадан аз қолдану көптеген аурулардың пайда болуына әкеліп соқтырады.Қар суы
Қар суының пайдалы екендігі бұрыннан айтылып келеді. Бәрінен бұрын, оны бірден қолданған дұрыс. Яғни, қар суын еріткен бойда ішіп қойған жөн. Қар суы зат алмасуды реттеп, бүйрек қызметінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді; қан айналымды жақсартып, холестерин деңгейін төмендетеді; қан қысымын рейттей отырып, теріні, ұйқыны жақсартады және мидың белсенділігін арттырады. Алайда, дер кезінде ішіп қоймасаңыз, қар суы бұл қасиеттерін тез жойып жіберетінін ескеріңіз.
Қар суын үйде тоңазытқыштың көмегімен даярлауға болады
Су өте пайдалы.
Объяснение:
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болMayтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады.