"Мәңгілік ел-болашаққа бағдар"
Еліміз тәуелсіздік алған шақтан бастап,дамудың даңғыл жолыңа түсті.
Еліміз, мәңгі тәуелсіз мемлекет болып қалу үшін ұлт болып жұмылып, іс атқаруымыз керек. Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
Тора - (еврейше - ілім) Көне өсиеттің алғашқы бес кітабы. Бес кітап. Бұл кітаптардың авторлығын иудейлік және христиандық дәстүр мифтік Мойсейге береді. Тораның құрамында Берешит (Болмыс), Шемот (Шығу), Вайикра (Левит), Бемидбар (Сан) және Дебарим (Екінші заңдылық) кіреді. Тораның мазмұны дүниенің жаратылуы туралы аңыздан, топан су, Содом мен Гоморрдың қирауы туралы әңгімелерден, Яхвенің Мойсейге қалай сыр ашқаны, құдайдың он өсиет тапсырғаны туралы аңыздан, дін туралы нұсқаулардан және с.с. тұрады...