Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.
Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.
Менің жазғы каникулым өте қызықты өтті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр.
Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлық күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті.
Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндері ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама көмектескім келеді.
Алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. Мен үшін туған жерімде өткізген демалыс күндерім өте қызық.Каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. Ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. Неге екенін білмеймін?! Ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. Олар өте жақсы адамадар, мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды.Мен бос уақытымды тиімді пайдаланғанды жақсы көремін. Мысалы, кітап оқимын, сурет саламын, анда-санда өлең шығарамын, заттарды фантазиямен түрлендіремін. Шығарған өлеңдерімді жақында «Балапан» телеарнасына жолдаймын.
Менің каникулым осылай қызықты өтті. Бірнеше күннен кейін мектепке барамын. Тағы бір сыныпқа өстім. Бұл сыныпты да жақсы бітіріп шығатыныма сенімім мол.