
ответ:Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Объяснение:
Бүгінде Астана қаласы еліміздің жетістіктерінің айнасы. «Астана – отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегі». (Н.Ә.Назарбаев) Тәуелсіздік алғанымызға ширек ғасыр уақыт өтті. Әлемдік тарих үшін бұл, әрине, көп уақыт емес. Бірақ, осы тәуелсіздікте өткен аз уақыт қазақ халқының ғасырлық арманы болатын. Сол бабалар арманына жетуіміз – біздің Ұлы жетістігіміз. Ал, ұлы жетістігіміздің асқақ жемісі елордамыз – Астана.
Астана – отанымыздың жүрегі, бейбіт елдің баға жетпес байлығы. Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен биік қамал, тәуелсіздіктің символы. Күн өткен сайын көркейе түскен елордамыз бүгінде көз тоймастай ғажайып бейнеге ие. Жаны жайсаң Қазақ халқымыздың төгілген тері мен ерен еңбегінің, елбасымыздың кемел саясатының арқасында әрбір арайлап атқан таң сайын жетіп жатқан жетістіктері орасан зор. Осынша жетістік, осынша армандардың жүзеге асуы – Тәуелсіздіктің арқасы.