
Мағауинның "Бір атаның балалары" атты шығармасын оқып, мен Зигфрид деген баланы аядым, оның ұлты неміс болдғандықтан, оны ешкім өз отбасына алғысы келмеді. Бұл әділетсіз,себебі ол баланың ұлты неміс болғанына кінәлі емес. Бұл оқиға соғыс кездері орын алған, баланың ата-анасы болмай, ол балалар үйіне жіберілген. Кейін төраға балаларды әркім үйлеріне алсын деген бұйрық берді.Бір қария осы Зигфридты мен алайын, менің балам соғыста қаза болды деді. Олар ұзақ уақыт бойы бірге тұрды. Бір күні ауылдың балалары оны қазаншұңқырдың қасына ойнауға шақырды. Зигфрид балалардың сана сезімі дұрысталды деп ойлап,ойнауға барды.Балалар оның үстіне балшық шашып тастап, ол жылады. Маған осы шығарма өте ұнады,себебі мейірімді адамдар өмірде әлі де бар екен және олар байғұс баланың тағдырына немқұрайды қарамайтынына көзім жетті.
Қыз өссе, елдің көркі.Бұл сөз өте кереме.Қараңызшы,"қыз" деген үш әріптен құралған сөз әлемнің барлық әдемілігі мен жайлылығын,табиғаты мен әсемділігін жиып тұр.Ана да қасиетті адам ана да қыз боп туылған,әже де қайырымды жан,ол да қыз боп өмірге келген.Әлемде қыздар көп не себепті деп ойлайсыз?Менің ойымша қыздардың көп болғаны жақсы,қыз баласы биязылығымен,инабаттылығымен,қылықтығымен өзіне баурап алатын әсем де аяулы жан.Біздің әпкеміз,сіңіліміз,анамыз,әжеміз де ардақты да аяулы жан.Қыз дегеніміз гүл ғой. Гүлді аялап ұстамасақ, солып қалады. Сол секілді қызды да аялап сыйламасақ,гүл секілді солып көңілі түседі. Сол үшін "Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі" деген мақал қалыптасқан.