dashden354
24.02.2020 18:59

«Кітап – білім бұлағы» немесе «Кітап – ізгілік пен руханилық айнасы» деп жатамыз. Ал сол инемен құдық қазғандай болатын білім бұлағының негізгі мекені – кітапхана. Кітапхана – білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда десек, артық айтқандық емес. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған осындай кітапханалар – кітапсүйер қауымның сүйікті мекені. Олай болса, әлемдегі ең танымал әрі ең үлкен кітапханалардың бірі - Конгресс кітапханасы туралы мәлімет беріледі. Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттар Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен. Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
Алайда кітапхана осы кезге дейін әртүрлі кезеңдерді бастан кешірді. Кітапхана бірнеше кезеңдерді бастан кешіруі арқылы кітаптардың зардап шегуі, тозуы, ақпараттардың жарамсыз болып қалуы сияқты мәселелерге тап болды.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
polinamimi2006
11.02.2023 06:27

МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ 

Міне, аз уақыттан соң біз мектеп табалдырығын аттап, үлкен өмірге жолдама аламыз. Болашақта бізді үлкен асулар мен биік белестер күтіп тұр. Білімді аға-апаларымыз тәрізді біз де еліміздің дамуына зор үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін өзімізге ұнайтын жақсы мамандықты адаспай тауып, білгір маман болуымыз қажет.

Рас, қазіргі заман ағымына ілесу үшін, білімді жастар санатына қосылу үшін терең білім мен біліктілік қажет. Ал мамандық таңдағанда адаспаған дұрыс. Бүгінде мамандықтың түр-түрі бар. Оларды іріктеп, өз икеміңе қарай таңдай білген жөн. Ұлы педагог Ушинский: «Егер мамандықты таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осыдан бар жігеріңізге сарп ететін болсаңыз, сізден асқан бақытты жан болмайды», – деген екен. Кез келген түлек мамандық таңдарда кедергілерге тап болуы ықтимал. Сол себепті әр баланың болашағына ата-анасы, ұстазы жауапкершілікпен қарағаны дұрыс.

Біздің бақытымыз – болашағымыз. Сондықтан, достар, мамандық таңдауда қателеспейік!..

0,0(0 оценок)
Ответ:
Тьома11
11.02.2023 06:27

Менің сүйікті қалам Алматы.Алматы өте әдемі, әрі көркем қала.Мен үшін бұл қала өте ыстық. Алматыда көптеген зәулім үйлер, ғимараттар, театрлар, мұражайлар өте көп.Сондай мұражайлардың бірі археология мұражай. Ол 1973 жылы салынған.Мұражай өте қызықты және оның ішінде көптеген экспонаттар бар.Алматы өте көркем, жасыл қала болып есептеледі. Қалада көптеген демалыс саябақтары бар.Саябақтардың барлығы әдемі гүлдермен, жасы ағаштармен сәнделген! Алматы әр жыл мезгілінде өзінше әдемі, қысы суық, ал жазы ыстық! 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота