Мәтінді оқы. Мәтін мазмұнына бойынша қойылған екі дұрыс сұрақты тап.
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Наурызым және
Әулиекөл аудандарында орналасқан. Мемлекеттік қорық 1931 жылы құрылған, жер көлемі - 300 мың гектар. Оған Терсек, Сыпсың және Наурызым ормандары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері кіреді. Олардың ішіне 5 мың гектар жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қыс суық, ызға ы; жазы – ыстық. . Мұнда өсімдіктердің 700 ге жуық түрі өседі. Қорық жан
жануарлар дүниесіне бай: сұр қоян, елік, борсық, түлкі, т.б. мекендейді. Қорықта "Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.
Сөйлеу стилі адамдардың бір-бірімен күнделікті қарым-қатынасында ауызекі тілдесу түрінде жүзеге асатыны белгілі, яғни бұл жерде тілдің коммуникативтік функциясының баса сезілетіндігіне оқушылардың назарын аудару керек. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым екендігі, күнделікті өмірдің барлық саласында тілдің қызмет ететіндігі, бірақ тілдік жүйені пайдаланудың әртектілігі түсіндіріледі. Сыныпта оқулықта берілген жаттығуларды
орындатып, тапсырмалар бойынша сөйлеу стилін игерту, тілдік құбылыстарды талдау және оларды практикалық қажеттілікке айналдыру шеберліктерін жетілдіру жолдарын көрсететін шығармашылық жұмыстарды жалғастыруға болады. Мысалы: күнделікті тұрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу; жиналыстар мен радио, теледидардан сөйленген ауызекі сөз үлгілерін салыстыру, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Мәселен, радиодан, теледидардан сөйленген сөздер формасы жағынан ауызша болып келгенмен, тілдік құралдарды пайдалануда әдеби норма ескеріледі. Ал енді ауызекі сөйлеудің қарапайым түрінің лексикасына диалектілер, қарапайым сөздер еніп кетіп отырады. Бұл — дайындықсыз сөйлегенде қолданылатын түрі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку