leanna1982
05.05.2021 01:53

2- тапсырма. Мәтіндегі даралаушы, ерекшелеуші тыныс белгілерін дұрыс қойып, көшіріп жазыңыз. Компьютер ұялы телефон ғаламтор желісі деп бүгінде ұстазымызды ұмытып барамыз Том-том кітап құшақтап кітапханаға жиі баратын адамдарды сирек кездестіреміз қазір Бұрынғыдай мерекелерде үлкен мәртебемен бір-бәрімізге кітап сыйламаймыз да Тіпті кітап мазмұнына мән бермей оны сәнді безендірмей қалай болса солай шығарып қадірін түсіріп жатамыз Содан оны кім оқиды Ал әдемі безендірілген өзіңді еріксіз қызықтыратын көркем шығарманың бағасы сәл қымбаттау болса ақшаны салтанатына алуға қимай кете барамыз Өмірдің бұралаң ағысына, заманның бұрынғыдан өзгеруіне байланысты ғой бәрі Түсінемін Не десек-те нағыз жанашырымыз ұстазымыз досымызды жоғалтып алмайық Қайта оның жандануында өз қуатына еніп тез таралуына қол ұшын беріп, онымен достасуға шақырайық Болашақ ұрпаққа аманат етейік достар​


2- тапсырма. Мәтіндегі даралаушы, ерекшелеуші тыныс белгілерін дұрыс қойып, көшіріп жазыңыз. Компьют

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
xxxxxxxx13
03.01.2023 09:55

Жеті саны.

Сан мыңдаған дәуірді өткерген дана халқымыздың дәстүріне сай киелі ұғымдар бар. Соның бірі 7 саны. Барлығымызға білетіндей жеті ата, жеті қазына, жеті ғашық, т.б. мысалға келтіруге болады. Тіпті ерте замандардан бері қарай осы бір санның бойында тылсым құпия бар деп айтылып келеді. Ол қандай құпия? Оны әлі ешкім білмейді, әлі күнге дейін бізге жұмбақ. Қазақ халқы жеті санын киелі деп санап, өзінің дүниетаныма арқау етіп келеді. Сайтымызда жеті саны туралы көптеген материал жазылды. Бүгін онда қамтылмаған бірнеше деректі ұсынуды жөн санадық. Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы "Жеті жарғының" да жеті болуы тегіннен тегін емес.

Адамның жеті жетекшісі жайлы кезінде Саққұлақ би айтып кеткен екен.

7 жетекші.

1. Адамның басшысы ақыл.

2. Жетекшiсi талап.

3. Жолаушысы ой.

4. Жолдасы кәсiп.

5. Қорғаны сабыр.

6. Қорғаушысы мiнез.

7. Сынаушысы халық.

Бұдан бөлек, 7 күн мен 7 ғалам бар.

7-күн

1. Бүгін.

2. Ертең.

3. Бүрсігүні.

4. Арғы күні.

5. Ауыр күн.

6. Азына күн.

7. Соңғы күн.

7 ғалам.

1. Күншығыс

2. Күнбатыс.

3. Түстік.

4. Терістік.

5. Аспан жоғарғы ғалам.

6. Жер ортаңғы ғалам

7. Жер асты төменгі ғалам.

7 амал.

1. Күннiң тоқыраүы.

2. Қарашаның қайтуы.

3. Үркердiң батуы.

4. Мұздың қатуы.

5. Киiктiң матауы.

6. Қыс тоқсан.

7. Ай тоғамы.

Халқымыздың жетіқарақшы жұлдызы туралы да наным түсінігі бар. "Жетіқарақшы" сөзін "жеті қараушы, жеті сақтаушы, жеті күзетші" деп түсінгеніміз абзал. Ел жадында сақталған "Жетіқарақшыны таныған жеті түнде ада " деген сөз осының айғағы болса керек. Халқымыз жетіқарақшыны аспан сағаты деп атайды. Себебі, ата-бабаларымыз оған қарап түнгі уақыттарын мөлшерлеп, ауа-райын болжаған. Жетіқарақшы.

1. Дубхе (Ерік)

2. Мерак Жігер)

3. Фекда (Қайрат)

4. Мегрец (Қуат)

5. Алиот (Ырық)

6. Мицар (Құдірет)

7. Алькаид (Дес)

Тағы айта кетерлік дүние қазақ халқында "жеті шелпек" деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек айтады. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтіне пісіріп, жеті үйге таратады. Алушы: "Қабыл болсын", дейді, таратушы: "Әумин!" деп жауап береді. Жеті нанды таратып болғаннан кейін: "ата-бабаларға тие берсін" деп ауыз тиіп, әруақтарға арнап аят оқып, бата қылады. Сонда әруақтардың мұрнына нанның иісі тиеді. Сосын "Жеті нан әрқашан әруақ болып желеп-жебеп, бәле-жаладан қорғап жүреді", дейді. Ал, жапондықтардың ойынша "жеті" саны адамға жақсылық әкеледі. Осы сияқты жетінің киелі ұғымы немесе өзге де жоғарыдағылардай мағыналық көріністері орыс, корей, монғол, т.б. халықтарда да бар. Демек "жетінің" киелі мән алуы түркі халықтарына ғана емес, басқа халықтарға да тән құбылыс. Мәселен, Қытай мәдениетінде де "жеті" саны киелі сан. Қытайлар адам қайтыс болғаннан соң 7-ші, 21-ші күні, 49-шы күндері оған арналған аза білдіру салтын өткізеді. Бұл күндері олар "жетісі", "үш жетісі", "жеті айы" деп атап "аруақтар күндері" деп есептейді. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, "Алпамыс батыр" эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама... Қорыта айтқанда, "жеті" қазақ халқының ұғымында қалыптасқан киелі сан. Ұлттық түс алған көне мәдениет құбылысы. Бұл құбылыстың басқа халықтарда да кездесуін олардың бір-біріне тигізген әсерінен гөрі әрқайсысының өзіндік дүние танымынан туындаған ортақ құбылыс деп қараған жөн. Қазақ халқында 7 саны ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспа, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы, т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз, т.с.с болып кездеседі. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса дана адам болып есептеледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ДимаЛапа
22.09.2021 13:02
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отанда а солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отанүшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой.Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады. 
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досыңОтанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең. 
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді.Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда. 
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
«Қазақстан – ұлы Отаным» 
Қазақстан менің елім, аңсағаным 
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын. 
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып, 
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын. 
Отаным – Қазақстан туған елім, 
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім. 
Өсе бер өркендей бер, Елім менің, 
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.

 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота