Анюта3Б
24.01.2021 08:24

1-тапсырма. Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бірлік күні Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні, ал 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
(133 сөз)

Мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап бер. (ответь на вопросы используя текст)
1. Қазақстан халықтарының бірлігі күні қай кезде тойланады?
A. 7 мамыр
B. 1 мамыр
C. 9 мамыр
D. 10 мамыр

2. Қазақ елі қандай қағиданы ұстанған?
A. Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік
B. Еңбектің наны тәтті
C. Оқу – инемен құдық қазғандай
D. Білімдінің күні жарық

3. Қазақстанда тұратын ұлт пен ұлыс өкілдерінің саны қанша?
A. 120-дан астам
B. 160-қа жуық
C. 150-ден астам
D. 130-дан астам

4. Мәтіннің тақырыбын анықта:
А. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
В. Ұлы Жеңіс тақырыбы
С. Қазақстан халқының бірлігі
D. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

5. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жыл
А. 1997 жыл
В. 1996 жыл
С. 1995 жыл
D. 1994 жыл
!

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
baskaqusar
16.09.2020 10:50

Қазақстанның көрікті жерлері.

Кезекті география сабағы еді.Үй тапсырмасына “Қазақстанның көрікті жерлері” деген тақырып берілді.Мұғалима менің есімімді атап,тақтаға шақырды.Мен:“Қазақ халқында “Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары” деген даналық сөз бар.Сол секілді,менің туған жерімде өзге еш жерде кездеспейтін әсем жерлер мен қасиетті мекендер бар.Сондай мекендердің бірі,“кіші Швейцария” деп аталып кеткен – Бурабай.Ол республикадағы ең танымал туристік бағыт саналады.Бұл жердің әсем табиғаты,көптеген қонақүйлері, шипажайлары әрқайсысымызға ұмытылмас әсер сыйлайды. Сондықтан болар бұл жер халық арасында “екінші Швейцария” деп аталып кеткен. Бұл жерде демалып қана қоймай, ем қабылдауға да бар жағдай жасалған.

Біздің жерімізде сонымен қатар қасиетті де тарихи сәулет ескерткіштері бар.Атап айтсақ:Айша-Бибі, Бабажа қатын, Қарахан кесенелері.Осы жерлерден ерекше рухани күш алуға болады.

Қазақстанға табиғат шеберлікпен сыйлап кеткен жерлер жетерлік.Сондай жерлердің бірі Алматы қаласынан 193 шақырым қашықтықтағы Шарын шатқалы мен Шарын өзені.Мұнда сіз ертедегі халықтардың сан алуан жартасты “қамалдарды” көре аласыз.Әлемде бұндай көріністерді Солтүстік Американың Колорадо штатындағы “Үлкен шатқал” алқабынан ғана кездестіруге болады.Одан кейін Ақсай шатқалы, Алакөл мен Балқаш көлдері, Шымбұлақ курорты, Қорғалжын қорығы, Зайсан көлі, Марқакөл қорығы, Қатон-Қарағай ұлттық саябағы, Жидебай-Бөрілі қорық-мұражайы және т.б.Әрине, бұл тізімді жалғастыра беруге болады.Әлі зерттелмей,еленбей жатқан жерлер қаншама?” – деп өз білген,көргенімді айтып берген болатынмын.Апайым бестік бағаны қойып,басқаларға да осылай өз елінің көрікті жерлерін жатқа біліп жүру керектігін айтқан еді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
генж
06.12.2020 20:29
Толағай туралы аңыз.
Бұрынырақта Сарыарқа жерінде Бірнеше көшпелі ел өмір сүреді.Олар өте бақытты болады.Оларда бәрі болды және олар Бізде бәрі бар,барлығы жеткілікті тек бір ғана нәрсе жоқ,ол бізде елді қорғайтын батырдың жоқтығы дейді.Сол уақыттарда бір шаңыраұта алтын тұлымды ұл бала дүниеге келеді.Бір таң қаларлығы бұл бала басұа балалардан өзгеше болады.Бала күн сайын,сағат сайын өсіп аз уақытта нағыз батыр болып шығады.Оның туыстары оған көз тимеу үшін өз атымен емес-Толағай деп атайды.Бір жылы жауын жаумай,жер құрғап қалады.Елдің жағдайы Толағайды қатты ойландырады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота