Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Тәуелсіз республикамыз санаулы жылдарда өзара татулық, ынтымақ пен бірліктің арқасында орасан табыстарға қол жеткізіп, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет орнатып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысында достастық елдері арасында көш бастады. Оны бүкіл өркениетті елдер мойындап отыр. Еліміздің осындай өркендеу жолына түсуіне қазіргі қолданыстағы Конституция жасаған ықпал өте зор. Барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Ата Заңымыздың әлеуеті әлі де мол. Бұл туралы Алматы облысы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Марат Шайхсламұлы Әбдірахманов жан-жақты әңгімелейді.
- Қазір республикамыздың қол жеткен табыстарына бүкіл Орта Азия мемлекеттері қызыға қарауда. Өркениетті елдердің барлығы да Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен басқалардан көш ілгері кеткенін ашық мойындап отыр.
Бүгінге дейінгі табыстарымыздың барлығы осы Конституцияның арқасы. Өйткені, Конституцияны басқа барлық заңдардың атасы деуге болады. Қандай мемлекетте болсын әрбір адамның еркін, тең, азат, бақытты өмір сүруі үшін соны қамтамасыз ететін, іс-әрекеттерін, құқықтарын айқындайтын, мүдделерін, меншіктерін қорғайтын көптеген заңдар қабылданады. Бізде де солай. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш Конституциясын қабылдады. Бұл – республика тарихында болған аса ерекше оқиға еді. Осы Ата Заң аясында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әр салаға қатысты көптеген заңдар қабылданды.
Өмір бір орында тұрмайды. Бәріне уақыт төреші. Реформа тереңдеген сайын кейбір қабылданған заңдарымызды қайта өзгертуге тура келеді. Мұның барлығы Қазақстан халқының жақсы өмір сүруі үшін жасалған және алда да жалғасын табатын игілікті қадамдар.
Кейіннен, яғни бүкілхалықтық референдум арқылы 1995 жылғы 30 тамызда бүгінгі Конституциямызды қабылдадық. Елбасы Жолдауында айтылғандай, бұл Ата Заң елімізді қомақты табыстарға қол жеткізуге бастады.
Жамбыл атамыз баяғыда тұңғыш Конституция қабылданғанда:
Масатыдай түрленіп,
Отанымды гүлдентті.
Бесіктегі баламды
Ана болып тербетті.
Тоқсандағы шалыңды
Шарықтатып көңілін,
Көкке құлаш серметті.
Қанат берді халқыма
Әуелетті, өрлетті.
Ағытылған өзендей
Сарқыратты еңбекті, – деп қуанған екен.