Danil545333
18.02.2020 05:43

Мәтінді мұқият оқып, көтерілген мәселені 3-4 сөйлеммен жаз. Әлемнің ең үлкен кітапханасы
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар
кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор
Ерeнғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың
тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы
кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей
болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім
алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы
кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардың өзінде әл-Фарабиден де білімі
жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар
кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген
жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат
тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол
кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана
ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне
оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз
құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат
қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің
түкпір-түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория
ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта
Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады.
Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық
жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифiнiң шақыртуымен Бағдатқа барған.
Осы кездегі Бағдат Халифiнiң басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек
бар.
Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын
ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала
болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-
Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек
жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың
табысы жоғары қала болғаны даусыз​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Stak96
17.10.2022 12:30

1."Алтынемел" ұлттық саябағы 1996 жылы  Алматы облысының Кербұлақ ауданында құрылған.

2.Саябақ Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан.

3.Саябақтың көлемі 440 мың гектар.

4.Оның құрамына Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан таулары кіредң.

5.Саябақ археологиялық ескерткіштерге бай.

6.Ұлттық саябақта 1800-ге жуық өсімдіктің түрі өседі.

7."Алтынемел" саябағындағы көптеген өсімдіктер, жануарлар, балықтар мен құстардың түрлері "Қазақстанның Қызыл кітабына" кірген.

8.Қазір саябақта 17 қорықшы бекеті мен 3 туристік бағыт жұмыс істейді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
ВЕSТ
14.04.2023 20:00
МЕНІҢ ДОСТАРЫМ
Мен достарымды өте жақсы көремін. Жұбымыз жазылған емес. Сабаққа бірге дайындаламыз. Бос кезде бірге ойнаймыз. Велосипед тебеміз.
Достарымның бойында жақсы қасиеттер жетерлік.Менің достарым  өте мейірімді. Әрдайым айналасына шуақ шашып жүретіндей. Сол әдемі мінезімен ауылдағы үлкен-кішіге сыйлы.
Мен достарымды мақтан тұтамын. Қасымда жүргендеріне қуанамын. Мен барлық жандарға  «Достарың көп болсын. Достықты қадірлей біліңдер!» – дегім келеді. «Досы жоқ адам  – тұзы жоқ тағам» емес пе?!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота