Табиғатты сақтандар! Табиғат-бұл шөп, ағаш, гүл т.б. Табиғатсыз бірде бір тірі жан өмір сүре алмайды. Бірақ оны бəрі бірдей түсінбейді. Кейбір адамдар орман-тоғайларды өртейді кейбір адамдар жəйдан жəй ағаштарды кеседі. Сен қазір бір қағазды жыртсаң, сен сонда бір ағашты құртып алдың. Адамдар табиғатты қорғау керек! Біз табиғатсыз қалай омір сүреміз?! Адам бір ағашты кесіп алса, ол оның орнына 10-100 ағашты отырғызуға тиіс болады. Сен де табиғатты қорғау тиіссін. Бір жерде ағашты отырғыз жəне т.б. Адамдардың көбі түсінбейді қандай үлкен рөлді біздің өмірімізде табиғат ойнайды.
Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:
— Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
— Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме.Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.
Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді. Бір кезде Аю жолығады:
— Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.
— Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.
— Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!
Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады. Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:
— Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? — дейді ол.
— Жолмен домалап барамын.
— Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!…
— Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.Түлкі оған:
— Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, — дейді.
Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады да жеп қояды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку