

Бұл өлең жолдарынан Сүйінбайдың біраз қасиетін байқаймыз. "Еменнен күшті ағашпын, Еселесең сыйлаймын!" дегенінен жана кіл жақсыларды жинағанын, оның абыройына дақ түсірмей керісінше биік, ұлы тұлғаларды сылайтынын көреміз. Келесі жолдардан оның бірбеткей екеніне көзіміз жетеді. Әр нәрсенің басында жүретінін "Топ бастаған бұлбұлмын,
Сөз бастаған жүйрікпін,
Судан шыққан сүйрікпін,
Бәйгеден озған дүлділмін" деген жолдардан көреміз. Ал соңғы жолдардан оның өжет, қайсар, айбынды екенін байқаймыз. Автордың бұл сөздері кімді де болмасын бей-жай қалдырмайды
Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,
Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.
Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –
Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.
Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,
Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.
Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,
Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.
Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,
Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.
Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.
Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,
Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.
Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,
Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.
Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.
Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,
Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.
Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,
Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.
Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,
Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.
Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,
Құл Қожа Ахмет, не білдің? –
Білдіруші Алла бар.