05NARIMAN05
02.10.2022 02:48

Различить и найти сходства 1)Ақ киімді,денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Демалысы - үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.

2)Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Tavvi
14.06.2022 20:23
Республикамыздың жер қыртысында Д.И.Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездеседі.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі өмір сүреді.
Қосмекенділердің 12 түрі тіршілік етеді.
Бауырымен жорғалаушылардың 150 түрі бар.
Осы бағыттағы шаралардың бірі-қорықтар құру.
Табиғат ескерткішінің біріне Іле Алатауындағы шыршалар кіреді.
 Қорықтарда азайып кеткен жабайы хайуанттар есепке алынады.
Қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшелігімен де құнды. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
kros222999
18.12.2022 20:33
Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота