Danielllllllll
05.04.2021 04:25

Ұлы соғысы халқымыз үшін ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 тәулік бойы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин, беларус, қазақ пен украин сынды ұлттар жауға қарсы соғысты. Өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін аянбады.Ұлт соғысында қазақ жауынгерлері көптеген ерлік көрсетті.Ержүрек жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін жетті. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерге, Днепр өткелінде,Москва мен Ленинград үшін болған ауыр шайқастарда батырлық танытты. Украинаны, Прибалтиканы, Қырылы, Белоруссияны, Кавказды жаудан тазартты. Польша. Болгария, Румыния, Венгрия,Чехоославакия, Германияда жеңіс туын көтерді.Сол отты жылдарды рухы күшті отандастарымыз араласпаған бірде-бір шайқас болмады. Мәтіннен сөз есімдерді теріп жазыңдар

Зат есім

Сын есім

етістік

есімдік

үстеу

Жуан сөздер

Жіңішке сөздер

Ашық буын сөздерді

Бітеу буын сөздерді

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
katyaumnicka55
03.12.2021 00:16

Бауырсақ дайындау.

Бауырсақ – қазақ халқының ұннан дайындалатын ұлттық тағамының бірі. Бауырсақсыз кез – келген мерекелік отырысты, той – думанды елестету мүмкін емес. Әрбір отбасының өзіндік бауырсақ дайындау ерекшеліктері болады. Мысалы, анам әдетте бауырсаққа сүт қосып жасайды, сонымен қатар айран тұрып қалса, қамырға айранды қосып та істей береді. Ал әжем болса, бауырсақты тоң майға қуырады.

Сонымен, анамның бауырсақ істеу тәсілімен бөлісейін.

Қажетті заттар:

Бір кесе жылы су

Жарты кесе сүт

Ашытқы (көз мөлшерімен) бір шай қасықтай

Бір жұмыртқа

Екі ас қасық сұйық май

Қант екі ас қасық

Тұз қалауыңызша

Ұн керегінше

Дайындалуы:

Анам алдымен ұннан басқа құрғақ заттарды араластырып алады. Одан кейін жылы су мен сүтті, сұйық майды араластырып, жұмыртқа қосады. Үстінен араласқан құрғақ заттарды қосып, жақсылап араластырады. Одан кейін керегінше ұн қосып, қамыр басады. Дайын болған соң терең ыдыстың түбіне май жағып, қамырды салып, бетін жабады да, жылы жерге бір – екі сағатқа қояды. Қамыр көтерілгеннен кейін, екі бөлікке бөліп, әрқайсысын қатты жұқа қылмай илеп, ромб тәріздес кеседі. Май қызғанша кесілген бауырсақтарды орамалдың астына қояды. Май қызғаннан кейін бауырсақтарды екі жағынан қуырады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
satinovgerman
14.04.2021 06:17
Неліктен мен дәрігер болғым келеді? Бұл ең қажетті әрі адамгершілігі мол мамандық деп білемін. Қайғыны жеңілдететін, өмірге сенетін, сауықтыратын дәрігерден артық мамандық жоқ.. Дәрігердің жұмысы ауыр, бірақ қызық. Бұл үлкен парыздан тұрады - адамдарға көмектесу, оларға мейірімді және жанашыр болу, оларға және олардың ауруларына мұқият болу. Дәрігердің қателесуге құқығы жоқ. Қате диагноз, немқұрайлылық, тіпті науқасқа қарапайым немқұрайлылық біреудің өмірін қиюы мүмкін. Өзімшіл, намыссыз дәрігер жақсы маман бола алмайды. Мен мүмкіндігінше жақсы мінез-құлық қасиеттерін дамытуға тырысамын. Дәрігер – ең қаһарман, ең асыл мамандықтардың бірі. Мен А.П.Чеховтың дәрігер мамандығы «жан мен ой тазалығын қажет етеді» деген пікірімен келісемін. Сіз ақыл-ойыңыз таза, моральдық және физикалық тұрғыдан таза болуыңыз керек ». Мен медициналық университетке түсіп, жақсы дәрігер болғым келеді. Ол үшін өзіңізді жер бетіндегі ең жақсы мамандыққа арнау үшін жақсы оқу керек!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота