Аня3321
19.12.2022 02:53

Мәтінді оқып, стиль түрін анықтаңдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) дүниежүзіндегі мемлекеттердіңбасым көпшілігін
біріктірген ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым.Басты мақсаты – халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып,мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты,
ұлттар арасындағыдостык катынастарды дамыту, адам құқығын құрметтеуді қолдау,
осымақсаттарға қол жеткізуге ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығыболу.

БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары жер бетінде бейбітшілік пенқауіпсіздікті
сақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақ-тастығына жәрдемдесу, адам
құқықтары мен бостандықтарын қорғап,халықаралық құқықты жүйелеу және оның
дамуын қамтамасыз етуболып табылады.

БҰҰ-ның бас органдары Бас Ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі,Экономикалық және
әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Камқорлықжөніндегі кеңес пен хатшылық.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты өрі негізгі құжаты оныңЖарғысы болып
табылады. Тарихи деректерге сүйенсек, ҰйымЖарғысының жобасы КСРО, АҚШ,
Қытай және Ұлыбритания мемле-кеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес
тілде орыс,ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған1945
жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында51 мемлекет қол қойған.
БҰҰ-ға Жарғыда бекітілген міндеттемелердімойындайтын әрі оларды жүзеге асыра
алатын ізгі ниетті мемлекеттердіңбарлығы да мүше бола алады. Ұйымға мүше барлық
мемлекеттер кіретінБас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады.

БҰҰ өз қызметінде мынадай мақсаттарды көздейді:

бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

Ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру
мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететінорталығы болу.

БҰҰ-ға мүше мемлекеттер үшін басты маңыздылық Ұйымныңхалықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану менжаппай қырып-жою қаруын
таратпау секілді өзекті мәселелерді шешугеқатысуы. Ұйым сонымен қатар лаңкестік,
есірткінің заңсыз айналымымен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша
халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Бүгінгі таңда бұл ұйым халықаралық қауымдастықтың көкейкестімәселелерін
шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау,
қоршаған ортаны қорғау, түрлі аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу,
босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша
жүйелі жұмыс атқаруда.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі – бүкіл әлемде бейбітшіліктісақтау. Көптеген
жыл бойы ұйым халықаралық дағдарыстардың алдыналуда және ұзаққа созылған
қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді.

Мәтіннен ғылыми стильге тән жанрлық және тілдік ерекшеліктерді

(терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды) тауып, талдаңдар.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Mogolan
20.02.2021 22:16

Ескендір поэмасы — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.

Поэмада Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайында аңыз жазылған. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Әлішер Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sofi190
24.07.2020 07:01

Туған  елге, жерге деген сүйіспеншілік отбасында қалыптасып, сол жерден бастау алатыны шындық. Жанұяда  біз әлеуметпен қарым-қатынас жасайтын алғашқы дағдылар пайда болады.     Әпесхан әулетінің де  өздерінің кішігірім тарихы бар. Красный яр ауылының   Нұрлы көш кентінде тұратын  көпбалалы отбасы тарихи отаны Қазақстанға Қытай халық Республикасынан көшіп келген. Бүгінде  елге оралғалы ата дәстүрді жаңғырта отырып,  қолөнер ісімен айланысып келеді.Отбасы- мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі. Туған жерге қайтып келген қандастарымыз  ел еншісіне  зор үлестерін қосуда. «Отан - отбасынан басталады» деген аталы сөздің мән-мағынасы  осыдан-ақ байқалады.     

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота