Аrmyanin
10.09.2022 16:55

Мәтінді мұқият оқып,сұрақтарға жауап беріңіз. Әлемдегіеңкереметкітапханалар.

Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай
кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і
қолжазба. Мұндағы төрт жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған. Міі 5
ғасырдан бастап XVIII ғасырға дейін Сен – Галль аббаттық орталық деп есептелді. Шіркеу
құрылысы 719 жылдан басталған. Бұл шіркеудің негізін салған Ирландиядан шыққан Галль
есімді монах еді. Кітапхананың кіреберісінде" жанның дәріханасы" деген жазу бар.
Залдарда сансыз көп кітап сөрелері орналасқан. Сонымен қатар бұл жерде сирек
кездесетін қолжазбалар мен құжаттар арнайы сақталатын қойма бар.Оларды ұстауға
немесе суретке түсіруге тыйым салынған.
Прага қаласында орналасқан Страговск монастырiнiң кітапханасы- адамдар тәу етіп
келетін қасиетті жер, сонымен қатар құнды архитектуралық ескерткіш, мұражай және сирек
кездесетін кітаптар сақталған кітапхана. Монастырьдің негізі 1149 жылы қаланған.
Мұндағы ең көне кітаптар XII ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130
000 кітап сақталған.
Солтүстік Америкадағы Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне
қолжазбалар кітапханасының негізі 1963 жылы қаланған. Бұл - сирек кітаптар мен
манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион
кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған.
Сиэтл кітапханасы АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Сиэтл қаласының орталығында
орналасқан. Бұл әйнек пен болаттан жасалған әсем ғимараттың негізі 2004 жылы
тұрғызылған. Мұнда 1,45 миллион кітап сыяды. Кітапханада оқу залдары, демалыс бөлмесі,
балалар залы, дәрісханалар, қызметтік орындар бар.

•Мәтін бойынша ойыңда не сақталып қалды?
•Кітапхана туралы қандай мәліметтер әсер қалдырды? ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
maiagolubeva5
15.10.2020 09:07

Объяснение:

библиотека

материалов

«Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты»

Дос деген – өміріңде ерекше орын алатын, жүрегіңде өшпестей есімі жазылған адам. Досты таңдамайсың, дос өзі өмірдің түрлі жолдарында кездеседі. Дос көп болуы мүмкін, бірақ шынайы дос табу – қиынның қиыны. Жалпы, жақсы дос болу үшін үнемі бір-біріңді тыңдап, көзқарастарыңды, ойларыңды ортаға салып отыру қажет. Нағыз дос адамға шабыт беріп, өмірдің түрлі қиыншылықтарына мойымауға, күресе білуге үйретеді. Достықта ең басты қасиет – сенім. Сенім болған жерде достық та мәңгілік болады. Бар ақтарған құпияңды, сырыңды шашпай, сақтай білу кез-келген достың қолынан келмейді. Міне, осындай сенімге кірген адам сенің ең жақын рухани қорғаушыңа айналады. Достық пен сатқындық, достық пен өзімшілдік мүлдем сыйыспайды. Достыққа қарама-қарсы ұғым – қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Достықта ешқашан санаспайды, қайтарымды талап етпейді. Шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Қазақ халқы «Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты», «Досы жақсының өзі де жақсы», «Дос –ажарың, жолдас − базарың» деп бекер айтпаған. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Достықты сақтай білу үшін көп еңбектену керек. Оның сақтаушысы − адалдық пен шынайылық. Ең бастысы, досыңа адал болып, оны жалғыз қалдырмауың керек. Өмірде байлық емес, шынайы, адал дос табуға тырысу керек. «Досы көпті жау алмайды» демекші, досың көп болса жүрегің тыныш, мінезің жайдарлы, ақылың ұшқыр болады. Шынайы достар қиындықта үнемі қолдап, өмірдің түрлі соқпақ жолдарында адастырмайды. Адам алдындағы басты мақсат – иманды болу, өнегелі ұрпақ қалдыру, адамдармен жайдарлы мінез-құлық таныту болып саналады. Өткен өміріңе көз жүгірткеніңде сенің жиған байлығың маңызды емес, жаныңнан әрдайым табылатын жақындарың және адал достарың қымбат, себебі шынайы досы бар адам – бақытты адам.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kudryashovayantemik
03.01.2021 18:46

1)Құрмаш көксерекке қамқор болды.Ол жұрттың сөзін тыңдамай көксеректі өсірді.Әжесі,әкесі қарсы болсада баланың қасқырға деген махаббаты қасқырды өлтіруге жол бермеді.

2)Әңгіме қасқырды кішкентай кезінен асыраған Құрмаш өзі қасқырдың құрбаны болғанымен аяқталды.

3)Әңгіме аяқталғанда өте аянышты сезімде болдым.Себебі Құрмаш көксеректі кішкентай кезінен бастап бағып қағып басқа ауыл итерінен қорғап өсірді,бірақ соңында қасқыр оны өлтірді.

4)Адам мен қасқыр арасында мүлдем достық болмайтын,оны қанша асырасаңда ит пен адам арасындағы достық сияқты болмайтынын,қасқырды асырауға болмайды деген ой туды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота