Мәтінде сын есім тап. Тары - астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. Қуаншылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарды өсіріледі. Тары - арпа мен бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып, ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді.