Danil10031
21.06.2022 15:50

Төменде берілген мәтінді оқыңыз. Алаш идеясы мен қайраткерлері

Алаш —ежелгі түрік сөзі. Ол — бауырластар, қандастар, туыстар дегенді білдіреді. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Ескі шежіре

деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мысалы, Қадырғали Жалаиридің өзі деректерінде қазақтың орнына Алаш атауын

қолданады. “Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш” деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды.

«Алаш идеясы» — қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш — халқымыздың бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш — ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау әрекеті.

Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін сақтай отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, өр-кениетті елдердің өмір тәжірибесінен үйренуді көздеді. Елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы зиялы қауым өкілдері болды. Алаш зиялылары Отанға адал қызмет етуді мақсат етті. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Бірінші — жер мәселесі. Жерсіз Отан жоқ. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді. Екінш і— жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік Қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Үшінші — толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді. Төртінші – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Бесінші, түпкі мақсатымыз – ғылым мен ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру

Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясына алып келді. Алаш идеясы қазақтың оқыған, саяси орталықтарда білім алған, мемлекет құрылысын қалыптастыру туралы білетін ұлт зиялыларының басын біріктірді. Алаш идеясының аясында мыңдаған қазақтың басы бірікті. Алаш зиялылары ұлттық әскер құрып, қуатты мемлекетке айналу идеясын автономия құрудан бұрын ойластырған еді. Өйткені мемлекеттің негізгі тірегі, қорғаны — әскер. Өткен ғасырдың басындағы Алаш Орда қайраткерлерінің ұлттық тәуелсіздікке ұмтылыста халық сарбаздарын құру ісі — бүгінгі қазақ әскерінің қалыптасуының алғышарты.

Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, тәуелсіздік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті — сол идеяның жемісі.

(346 сөз)

Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.

мағынасына –

ажырамас –

еркін –

көшіп келушілерге –

қосты –

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alusykapogo
30.09.2021 08:28
Əр халықтың өзінің ана тілі болады. Сол сияқты қазақ тілі — қазақ халқының ана тілі. Кезінде қазақ тілін зерттеген атақты ресейлік шығыстанушы-ғалым В.В.Радлов өзінің жазбаларында қазақ тілімізге мынадай анықтама беріп кеткен екен: «Қазақтардың тілі жатық та шешен, əрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен, сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дəрежесінде сөйлей біледі».

Уақыт өтіп жатыр, жаңа заман, заманына қарай жастардың да дүниетанымы өзгерген. Соған орай, қазіргі технология заманында жоғары оқу орындарында, мектептерде сабақтарда, оның ішінде қазақ тілін оқытып-үйрету кезінде технологияны көп қолдану керек, бұл қазіргі уақытта көп сұранысқа ие дүние болып тұр. Білім мекемелерінде оқытылатын пəндер арасында қазақ тілі пəнінен алатын орны ерекше. Қазақ тілі өте бай тіл. Дегенмен де, бір жағынан, өте күрделі тіл. Себебі бір сөзінің өзі сан алуан мағынаны білдіруі мүмкін. Өзге ұлт өкілдерін оқыту барысында ұстаздың оқушыларға осыны түсіндіруде көп қиындықтарға тап болатындығы анық. Қазіргі таңда оқу мекемелерінде қазақ тілін оқыту басты мақсаттардың бірі болып отыр. Оқыту əдістерінде əр түрлі жаңа технологиялардың пайдаланылып жатқаны белгілі. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты оқушылардың сөздік қорын байыту, сонымен қатар сауатты жаза білуге баулу болып табылады. Сол себептен барлық ұстаздар білім берудің жаңа тəсілдерін білуге міндетті. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын басты ақпараттық технологиялар интерактивтік тақта, теледидар, электронды оқулықтар болып табылады
0,0(0 оценок)
Ответ:
Gianfed
05.09.2022 19:12

Ұнағанын ал

Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиян­ды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.

Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым ба­ғытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару­ болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, та­би­ғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуші ауыл шаруашы­лығына тікелей байланысты.

Климаттық өзгеру

Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота