
Объяснение: Ас қорыту мүшелеріне тағам физикалық және химиялық өңдеуден өтіп , нәрлә заттар анағұрлым қарапайым заттарға қорытылады, қанға сіңеді. Адамың денесі ас қорыту мүшелері арқылы жасушалардың өсуі мен жаңаруы үшін қажетті заттарды қабылдайды, денені энергиямен қамтамасыз етеді.
Ас қорыту жүйесі 2 үлкен топқа бөлінеді:
1.Ас қорыту жолы
2.Ас қорыту бездері
Ас қорыту жолы ұзыннан жатқан түтікше .
Оның ішкі қабырғасы қоректік заттармен тығыз байланысты болады. Жалпы ұзындығы 8-10 м-ге дейін, олардың құрылысы , пішіні әртүрлі болып келеді .Ас қорыту жолдары тыныс мүшелер, қабырғалары үш қабаттан тұрады:
1.Ішкі шырышты және шырыш асты қабаты (слизистая оболочка,tunica mucosa)
2.Бұлшық ет( мышечная оболочка,tunica muscularis )
3.Сір қабаты( серозная оболочка, tunica serosa)
1.Ішкі шырышты қабаты (слизистая оболочка )барлық ас қорыту мүшелерінің ішкі бетін астарлап , астың қорытылуына қатынасады. бұл қабат түрлі кілегей және дәнекер ұлпалардан тұрады. Шырышты қабатты кілегей ұлпасымен бірге бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары болады.Осы талшықтар арқылы бұл қабат кілегей асты қабатымен байланысты.