
Көрме – белгілі бір қоғамның не жеке адамның материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету.
Көрменің бірнеше түрі бар.[1]
Алдына қойған мақсатына қарай – сауда, ғылыми-техникалық, өндіріс, құрылыс көрмелері, т.б.
Өткізілу мерзіміне қарай – кезекті (жыл сайын, жыларалық, екі жылда т.б.) немесе кезексіз (мереке, конгресс, съезд т.б. байланысты көрмелер), тұрақты (мысалы, халық шаруашылық жетістіктер көрмесі).[2]
Көрмелерге қойылатын заттар түріне қарай экономика, ғылым, техника және мәдениеттің барлық салаларын қамтитын көрмелер де болады. Көрмелер қатысушылар құрамына қарай дүниежүзілік, халықаралық, аймақтық көрме ретінде ұйымдастырылады.
БАҒДАРШАМ — жарықпен белгі беру арқылы көшедегі, автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. Ол белгі беру тәсілдеріне қарай: түрлі түсті Бағдаршам (жарығы жасыл, сары және қызыл түсті, ал темір жолда бұларға қосымша көгілдір және ақ жарық), позициялық Бағдаршам (бір түсті жарық) және құрама Бағдаршам болып ажыратылады. Алғашқы Бағдаршам типтес құрылғы 1868 жылы Лондон көшелерінде, үш түсті электрлік Бағдаршам 1918 жылы Нью-Йоркте, 1930 жылы Мәскеуде орнатылған. Темір жолында 20 ғасырдың басынан бастап қолданылды. Бағдаршам белгі санына қарай 1 — 5 секциялы болады. Бағдаршам іске автоматты түрде не қолмен қосылады.
Объяснение: