Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады.
Қазан төңкерісіне дейін орыс және қазақ тілдерінде 1875 жылы “Записки Оренбурского отдела Императорского Русского географического общества” жинағында жарияланған. Кейін аталған жинақта (1885), “Астраханский вестник” газетінде (1893, 1916), Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында” (1879, 1906), т.б. жинақтарда, ал Кеңес дәуірінде “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971) “15 — 18 ғасырлар қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1984) жинақтарында жарық көрді.[1]
Қазақ әдебиетінде оқырманды халықтың басынан қиыншылықтарды қатыстыра отырып,жүйелі ой қалыптастыруға итермелейтін шығармалар аз емес.Осындай шығармалардың бірі,өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын шығарма-Шашты әңгімесі.Әңгімеде дана қарт Тасқұл мен бала Кенжебек бейнесі көрініс табады.
Жаугершілік заманда шапқыншылар өзге елді тұтқиылдан шауып, сұлу қыздары мен батыр ерлерін еріксіз алып кететін. Тұтқынға түскен бойжеткендерді күң етсе, ер азаматтарын құл қылатын. Туған елге деген сағыныш еріксіз тұтқынды да тәуекелге бел буып, қашуға итермелейді-шығарманың беретін сезімі де осы.Әңгімеде ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі секілді мәселелер талқыланады.Шығарманың өзіне тән ерекшелігі, асыра сілтеу секілді әдеби құралдары жиі қолданылмайды,себебі бұл өмірде болған тарихи оқиғаға негізделіп жазылған.Жазушы шағын әңгіме арқылы жауынгер қазақ халқы рухының мықтылығына назар аударған.Оған дәлелдер:тұтқындағы жылқышының өр мінезі.жас бала Кенжебектің айшылық алыс жерден жалғыз қашып келуі.
Қорытындалый келе Шашты шығармасы сол заманның өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай, бүгінгі күнмен де тығыз байланыстырған. Сол заманда ер азаматтар ар-намыс секілді бағалы қасиеттерінен құл болғандықтан айырылса, қазіргі заманның ер адамдары сол секілді қасиеттерді өз бойынан жоғалтып, еркек аттарынан ерікті түрде айырылып жатыр. Бұл мәселенің бүгінге дейін де өзекті болып келе жатқаны бәрімізге белгілі.