неха4уха
08.08.2022 17:30

Мәтінді оқыңыз. Синонимдік қатарларды орынды қолданып, көрікті жерге саяхат жасауға шақыру
мақсатында жарнама жасаңыз (100 сөз).
Көлсай көлдері
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылы 7 ақпандағы No 88 қаулысымен құрылды. Парк
территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары
өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер
мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса
адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше
табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен
өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер
осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа
райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған
сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері
үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты
маршруттармен, ал Қайыңды көліне дейін автокөлікпен
баруға болады. Сонымен қатар, сіздер гидтер мен
экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана
аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен
Алматы облысынын Талғар және Райымбек тереториясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: жоғары Көлсай, ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.
Айтпасаңдар малсыңдар! ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
buznikovame
24.09.2020 06:46
Бірінші сөйлем. "Менің ойымша - Ораз өте жақсы және жомарт адам".
Екінше сөйлем. "Себебі, мен оны оның іс-әрекетінен түсіндіремін".
Үшінші сөйлем. "Оны мен <<Ол атқанын я ілдірген аңдарын адамдарға үлестіріп, өзі үйіне бірер күнге азық әкеледі екен>>, << Бірақ солардың да терісін сатып, пайда қылмай, кім көрінгенге сауғаға бере бепген>> деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын".
Соңғы сөйлем. "Осыған байланысты мен жақсы, жомарт және кеңпейіл адам болуға тырысамын деген шешімге келдім".
0,0(0 оценок)
Ответ:
nikfdd
11.07.2021 17:48

Кез келген географиялық кітаптарды немесе ғаламтор беттерін ашар болсаңыз, «әлемдегі ең құрғақ жер қайсы?» деген сауалыңызға Чили жеріндегі Атакама деген жауап аласыз. Алайда, бұл жаңсақ жауап. Атакама - Антарктиканың құрғақ жазықтықтарынанан кейін екінші орында тұр. Бұл – 2 миллион жылдан бері жауын-шашын көрмеген (Атакамаға 400 жыл бойы жаумаған) жер бетіндегі ең құрғақ жер саналады. Аталған көрсеткіштер өз алдына көп нәрсені айтып тұр.

Сенер сенбесіңізді білмей әбігерге салынып отырғаныңызды жақсы білеміз. Өйткені, біздің ұғымымыздағы Антарктика мұз бен қар жамылған, мәңгі қыс орнаған мекен екені айдан анық. Десе де, Мак-Мёрдо бұғазына таяу маңдағы 8 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан Виктория, Райта, Тейлор атты үш аңғардың аумағын ешқандай мұз баспаған, керісінше, сусырап жатыр.

Бұл құбылыстың себепкері - 320 км\сағат жылдамдықпен соғатын Катабатикалық желдер (бұл жер бетіндегі максималды жылдамдық). Аталған желдер бүкіл дымқылды буландырып, кептіріп жібереді. Осының арқасында аңғарлар 8 млн. жылдан бері қар мен мұзға тәуелсіз болып келеді.

Құрғақ дала дегенде көз алдыңызға өзен-судан жұрдай жазықтықтың келетіндігі қалыпты жағдай. Солай болғанымен, бұл дала өзгелерге ұқсамайды. Бұлай дейтініміз, аумақта Антарктиканың Оникс және Вида атты әлемдегі ең тұзды өзендері ағып жатыр. Оның тұздылық мөлшері Өлі теңізден әлдеқайда күштірек. Өкініштісі, өзен беттерінде қалың мұз қаптап жатыр.

Жазықтықта қалың қар мен қаусаған мұз жоқ болғандығымен, мұндағы жануарлар басқа құрлықтарға қарғанда өте аз. Шамасы, олар да мұндай құрғақ жерде өмір сүруге икемсіз секілді.

Мұндай климат Марс планетасының табиғи жағдайларына аса ұқсас болғандықтан, ғалымдар зерттеу жұмыстарын осы мекендерге тікелей бағыттап отыр. 2004 жылдан бастап Антарктиканың шөл аңғарлары ЮНЕСКО-ның қорғауына алынды.

 

 

 

 

 

 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота