Vinokurov03
01.09.2022 22:54

Денсаулық – адамға бір-ақ рет берілетін табиғат тартуы. Алайда ол мәңгілікке берілмейді. Оны сақтау үшін ауырмай тұрып, іс-әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, онсыз денсаулықты ұзақ сақтау қиын.
Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек бір көрсеткіш – әскер қатарына шақырылған жастардың 50%-ы дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. Бұл қауіпті жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтерді, дәрігерлерді, ғалымдарды шындап толғандыруда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60%-ы өмір тіршілігіне, 20%-ы – тұқым қуалаушылыққа, 20%-ы – сыртқы ортаның жағдайына, 8-10%-ы – дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді. Жастардың денсаулығының нашар болуы немен байланысты?
Ғаламтордың зияны туралы әлем ғалымдары дабыл қағуда. Біріншіден, мониторға ұзақ уақыт қараудың салдарынан адамның көз жанары құрғап, көру қабілеті нашарлайды. Сіресіп отырғандықтан омыртқа зақымданып, скалиоз, кифоз ауруларына шалдығады. Қимыл-қозғалыс азайғандықтан, қан айналымы нашарлайды, семіздік пайда болады. Жаңа технологиялар адамның жасушаларына қауіп төндіріп, қатерлі ісік ауруының туындауына себеп болады.
Еліміздің нарығында «Дизи», «Редбул», «Монстер» секілді энергетикалық сусындар ашықтан-ашық сатылуда. Жастар осы бір «сиқырлы сусынға» әуестеніп алған, себебі оның жарнамасы керемет. Ұйқыны ашып, күш беріп, сергек жүруге көмектесетін сусын, әсіресе, балалардың ағзасына өте зиянды. Оған дәлел энергетикалық сусындарды жиі пайдаланатын мектеп жасындағы балаларды тексергенде, олардың бауыры 35 жастағы маскүнемнің бауырымен бірдей болатындығы анықталды. Бұл улағыш сұйықтықты балалар көп ішсе, жастайынан түрлі ауруларға шалдығады екен. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн.
4. Мәтінге байланысты 3 сұрақ құрастыр.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
DVD123456789
15.01.2023 01:48

Серт – а ң сөз арқылы берген заңнамасы. Тектіліктің тетігі саналатын серт тегінде зор мәнге ие болған. Хандар мен батырлардың заманында серттен таю өлімнің белгісі еді.  Себебі серт берген адам бүкіл жауапкершілікті ғана емес, бір адамның не бір халықтың алдындағы парызын орындауға міндетті болған."Дос пен дос арасындағы серт", "Махаббат алдындағы серт", "Хан мен батыр арасындағы серт", "Халық алдындағы серт", "Адамның өзіне берген серті" сынды серттің әртүрлі жағдайға байланысты түрі болады. Ал сертті беру адамның өз еркінде. "Айтылған сөз атылған оқпен тең" деп қазақ айтса, қалт айтпаған. Сондықтан серттің орны және оның мәні ерекше. Серттің үлгісі ретінде өз дәуірінде достар қанжармен алақан тіліп қан шығарып серттескен. Бұл "аманатқа қаныммен жауап беремін"  деген мағынаны білдірген.

Сертті қай кезде беру керек? 

– Өзіңізге жүктелген міндетті бұлжытпай орындау кезінде; 

– Сезім алдындағы адалдықтың таза екенін білдіруде; 

– Өзіңізге сенімді болған жағдайда; 

Серттің ұзақтығы 

– Серт сіздің "серт еттім", "серт бердім" деген күніңізден бастап орындалғанға дейін мойныңызда жүреді. Тіпті өміріңіздің соңына дейін болса да оны орындауға міндеттісіз. 

Серттің жауапкершілігі осында. 

Серт қай кезде бұзылады? 

– Аяқ асты немесе қасақана әрекеттер себебінен қаза болған кезде; 

– Серт беріліп, бірақ әрбір жасаған ісіңіз оған лайық болмағанда; 

– Өзіңіздің берген сертіңізді қайтып алуыңыз арқылы бұзылады. Бірақ бұл кезде сіздің абыройыңыз аяқ асты болатынан ұмытпаңыз. 

– Шекті уақытында орындалмаған жағдайда; 

Серттің жазасы қандай? 

– Ең жеңілі елден кету немесе берген сөз үшін өмір бойына жауап беріп өту; 

– Ең ауыры өлім жазасы. 

Қай дәуірде, қай заманда болмасын серттің жолы ауыр. Қандай жағдай болмасын серт берсеңіз орындаңыз. Сөз киесі сіздің қасықтап жиған еңбегіңізді шелектеп төге саулы мүмкін. Жүз ойланып барып сөйлеңіз, мың толғанып барып уәделесіңіз. Сертіңізге берік болыңыз! 

0,0(0 оценок)
Ответ:
DevilWoods
23.05.2023 05:52

Ақтау портының тарихы 1963 жылы уран өнеркәсібі өнімдерін және Маңғышлақтың мұнай кен орындарын тасымалдау қажет болғаннан басталады. Портты құру негізгі және қосалқы су бұрғыштарды және бір мезгілде төрт құрғақ жүк айлақтарын салудан басталды. 1969 - 1986 жылдары төрт мұнай құятын айлақ пен паром кешені салынды. Ақтау порты арқылы трафиктің көп бөлігі мұнай болды - 7 миллионға дейін.тонна құраса, 80-жылдардың басында құрғақ жүктерді тасымалдау жылына 300 мың тоннадан аспайды. КСРО ыдырағаннан кейін Ақтау теңіз порты Каспий маңы ойпатындағы елдерді байланыстыратын маңызды көлік торабына айналды және егеменді Қазақстанның ұлттық экономикалық кешенін дамыту үшін стратегиялық маңызға ие болды. 1999 жылы Ақтау теңіз порты толықтай қайта құрылды, бұл оның даму тарихындағы бетбұрыс кезең болды. Ақтау портын қалпына келтіруді аяқтау рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота