- Сәлем Адина,"Қазақ солдаты"романын оқыдыңба?Романның авторы кім?
- Сәлем,иа мен оқыдым."Қазақ солдаты"романының авторы - Ғабит Мүсірепов.(1902 - 1985ж.)
- Романның бас кейіпкері кім?Ол кімнің прототипі?
- Бас кейіпкері - Қайрош,прототипі - Қайырғали Смағұлов.Кеңес одағының батыры.
- Шығарманың кейіпкерлері кім?
- Шығарма кейіпкерлері - Қайрош,Шеген,Бораш.
- Оқиға орны қай қала?
- Оқиға орны - Гурьев қаласы.(Атырау)
- Әңгіме қалай басталады?
- Әңгіменің басталуы."Зытып келем...зытып келем...Артыма қарай беретінім -қорқып келемін...
- Қайрош ауылдан неге қашты?
- Сиыр баққанша,оқу оқимын,- деп қашты.
- Қалаға келуіне не себеп болды?
- Қалаға келіп,оқу оқып әріп танығысы келді.
- Қалада кімдермен кездесті?
- Қалада Шеген мен Борашпен кездесті.
- Шеген Қайрошқа ағасындай қамқор көрсетіп,жуындырып,аяғын емдеп берді.
- Рахмет Адина,жақсы жауап бердің.
- Сау бол.