А00000а
07.07.2020 11:57

Ә мәтіні Саяхат ережесі Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жер аралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек. - Ойын-сауық орталықтарына бар. Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін көре аласың, ой түйесің. - Ашық бол. Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Олар арнайы қызметте істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, «Қалай баруға болады?» сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта, біріншісімен үйлеспесең, екіншісі сенің көңіліңнен шығады. - Жалғыз саяхатта. Топ болып жүретін болсаң, өз тіліңде сөйлеуді жалғастыра бересің және жаңа орындарға емес, айналаңдағы жолдастарыңның әңгімелеріне көп назар аударасың. - Салыстырма. Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа. - Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма. Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды. - Тым көп сауда жасама. Анда-мұнда тасып әуре болмайтын заттарға ақша жұмсамағаның жөн. Мәселен, театр билеттері, мейрамханалар, ойын-сауық орталықтарына барып көр. Мұнда бәрін көру керек! 1. Қажетсіз бұйым алмау туралы айтылған ережені белгілеңіз? [1]
А)Ойын-сауық орталықтарына бар.
Б) Жалғыз саяхатта.
В)Сені бәрі түсінеді.
Г)Тым көп сауда жасама.

2. Мәтіннің қай бөлігінде адамдардың армандауы туралы айтылған? [1]
А)басында
Б)ортасында
В)арасында
Г)соңында

3. Мәтінде көрсетілгендей саяхатқа шығу ережелерінің болғаны дұрыс деп ойлайсыз ба? Өз пікіріңізді 2-3 сөйлеммен білдіріңіз. [3]

2-тапсырма. Оқылым. Жазылым.
1) Мәтінді оқып, ат қойыңыз.
2) Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің синонимін тауып жазыңыз.
3) Мәтіннен жалқы зат есімдерді табыңыз.
4) Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.
Сіздің әлем тарихындағы тұңғыш ғарышкердің Ю.А.Гагарин немесе қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров екендігін білетіндігіңізге күмәніміз жоқ! Ал сіз әлемдегі тұңғыш саяхатшы-ғарышкердің кім екендігін білесіз бе? Білмесеңіз, бүгін біз дәл осы тұлға туралы әңгіме қозғамақпыз.
Деннис Энтони Тито 1940 жылы тамыз айының сегізінші жұлдызында Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Әлемдегі ең алпауыт фирмалардың бірі - Wilshire Associates фирмасының меңгерушісі, американдық беделді кәсіпкер әрі мультимиллионер 2001 жылдан бері әлем тарихындағы тұңғыш саяхатшы-ғарышкер деген атаққа ие болып келеді. Қалай дейсіз ғой?!
Бұл атаққа ие болу үшін мультимиллионердің аз қаржысы жұмсалған жоқ. Ол өзінің сапарына жиырма миллион доллар жұмсаған көрінеді. Тито Жер планетасын орбита бойымен 128 рет айналып өткен. Әрбір айналымның бағасы 150 мың долларды құраған. Кәсіпкер жұмсалған ақша үшін бір сәт те өкінбегендігін айтады.
3-тапсырма. «Саяхат», «Ғарышкер» сөздеріне дыбыстық талдау жасаңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ВкусноеМясо
14.01.2020 18:33
- Сен алғашқы мұражай қалай қалыптасқанын білесің бе? 
- Иә. Алғашқы мұражай бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени құндылықтарды сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасқан. 
- Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды? 
- Көне замандағы коллекциялар. 
- Ал коллекция ісімен кім айналысқан? 
- Аристотель, Рим патшасы, Юлий Цезарь. 
- Еуропада мұражайлар қашан пайда болды? 
- Еуропада тарихи музейлер 16 – 18 ғ-ларда пайда болды. 
- Алғашқы мұражайлардың қандай түрлері ашылған? 
- 1820 ж. Германияда өнер музейлері құрылды. 1811 ж. Ресейде – Феодосияда, 1825 ж. Одессада, 1828 ж. Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи музейлер құрылды. 19 ғ. этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық музейлер құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж(халықтану музейі, 1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық музейлер. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық музейлер Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланды, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты. 
- Ал Қазақстанда мұражай тарихы қашаннан басталады? 
- 1830 жылдан басталды. 
- Рақмет, бүгін мұражайлар туралы көп мәлімет алдым. 
7) Мәтінді тыңдап, аудару. Қазақстандағы мұражай тарихы 
Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. – 3, 1927 ж. – 6, 1937 ж. – 19, 1939 ж. – 25, 1970 ж. – 29 музей болса, қазіргі таңда музейлер саны 154-ке жетті. Оңтүстік мемлекеттік музей (1830), Ә.Қастеев атындағы республикалық өнер музейі (1935) Президенттік мәдени орталық (2000), Мемлекеттік алтын және асыл металдар музейі (1994), ҚР ҰҒА Археология музейі (1973), Үлттық валюта музейі (1993), Кітап музейі (1978) Ықылас атындағы Республикалық халық саз аспаптар музейі (1980), “М. Әуезов үйі” ғылыми орталық музейі (1962), т.б. Мемориалдық музейлер де Қазақстанның тарихи-мәдени рухани өмірінде маңызды рөл атқаруда. Олардың ірілері: Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Абай-Шәкерім кешені, Д.Қонаевтың, Қ.И. Сәтбаевтың, Ж.Жабаевтың, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің, Ғaзиза және Ахмет Жұбановтардың, Ш.Уәлихановтың (Алтын Емел), т.б. мемориалдық музейлері. 1889 ж. 20 маусымда халықаралық “Музейлер ассоциациясы” құрылды. 1918 ж. Халықаралық музейлер Бюросы құрылып, “Музеон” журналын шығарды. Бұл ЮНЕСКО-ның “Музеум” журналының шығуына негіз болды. 1946 ж. Луврда (Париж) ЮНЕСКО-ның құрамына енген Халықаралық Музейлер Кеңесі құрылды. ІCOM-ға 1948 ж. – 29 мемлекет, 1950 ж. – 43 мемлекет, 1977 ж. – 109 мемлекет, 1999 ж. – 135 мемлекет музейлері мүше болды. 2002 ж. мамыр айынан бастап “Қазақстан музейлері” журналы шыға бастады.[4] 1977 ж. Халықаралық музейлер Кеңесінің 11-конференциясында 18 мамыр ‘‘Халықаралық музей күні’’ болып белгіленді. Қазіргі таңда мұражайлар қызметі қоғамдық институт ретінде әлеуметтік қоғамдық-экономикалық жағдайға сай жүргізілуде. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
umida1983
14.01.2020 18:33
--Қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесін?
--Қазақ халқының  музыкалық аспабына ,домбыра, қобыз , жетіген, адырна жатады.
--Домбыра ол қандай,  неден жасалады ?
--Домбыра ол қос ішекті, ағаштан жасалады.
--Домбыраның даусы қандай ?
--Домбыраның даусы майда, құлаққа жағымды.
--Аңыз бойынша қобызды кім жасаған ?
--Аңыз бойынша қобызды жасаған  Қорқыт  ата.
--Қазақ халқыңың қандай ұлттық мерекелерін білесін ?
--Қазақ халқының ұлттық мерекесі, Наурыз мерекесі..
--Бұл мереке қашан тойланады ?
--Наурыз мерекесі 22 наурызда тойланады.Наурыз жыл басы.,күн мен түннің теңелген күні.
--
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота